ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілдігі 12 имамнан құрылған жат ағымға қарсы насихат тобының кезекті бас қосуын өткізіп, онда өткен айда қаламыздағы Нәби және Бегалы мешітінде жүргізген үгіт жұмыстарының нәтижелерін талқылады. Жиын барысында қазіргі кезде дін саласында ушығып тұрған псевосәләфилердің әрекетіне қарсы иммунитет қалыпастырудың жолдары айтылды. Өкіл имам Данияр Әлимұхаммедұлы жат ағымның жетегінде кеткен азаматтарымызбен жекелей кездесу жүргізудің тиімді тұстарына тоқталып, алдағы уақытта аталмыш топ жеке кездесулерге көп көңіл бөлу керектігін естеріне салды. Облыстық дін істері басқармасының бөлім басшысы Еркебұлан Есмахан жат ағыммен күресте бірлесе жұмыс жасасақ, нәтижелі болады деген тілегін білдірді. Жиын соңында жат ағымға қарсы насихат тобына бірқатар тапсырмалар жүктелді.
- МЕШІТ АҚПАРАТ
- ҚАРАЛДЫ: 2871
Облыстық мешітте псевдосәләфилермен жеке кездесу жұмыстарының мәселелері талқыланды
ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.