Қордай ауданында «мұқтаждың мұңын бөліс» қайырымыдылық іс-шарасы өз жалғасын табуда. Бүгінгі күні күннің күрт суытуына байланысты ҚМДБ-ның жұмыс бағыттары болған аталмыш акцияға аудан бас имамы ерекше көңіл бөлуге тапсырма берген болатын. Осыған байланысты Жамбыл ауылдық «Әл-Хафиз» мешіті мұқтаж, асыраушысынан айырылған отбасыларға және зағип жандарға азық-түлік бумаларын үлестіруде. Сауапты іс бұнымен тоқтамай «Әл-Хафиз» мешітінің жанындағы асханада аталмыш жандарға дастархан жайылып, ыстық тамақ үлестірілді.Мешіт имамы Н.Кеулімжаевқа жиналған қауым алғысын айтып, ақ бюатасын берді.
Өтеген ауылында да қайырымдылық шарасы өткізіліп, ауылдық мешіт имамы Р.Жапеков мұқтаж 5 отбасына азық-түлік бумаларын таратуда. Осылайша Қордай ауданының дін қызметкерлері Бас Мүфти бастамаларын қолдап, дініміздің асыл құндылықтарына сәйкес, сауабы сарқылмас жұмыстар атқаруда.
аудандық «Қордай» мешітінің
баспасөз қызметі