Ашулана қалған жағдайда дер кезінде өз-өзін тізгіндеуді Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) үмбетіне көп өсиеттеген. «Ашу – шайтаннан» деп, ашуға ерік берген адамның ібілістің тұзағына түсетінің айтқан. Бойын кернеген ызаны жеңе білудің жолдарын да көрсеткен.
Бір күні екі кісі бір-бірімен салғыласып, аяқ астынан ренжісіп қалады. Біреуі қатты ызаланып, терісіне сыймай қып-қызыл болып кетеді. Мұны көрген Пайғамбарымыз (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) былай дейді: إِنِّي لأََعْرِفُ كَلِمَةً لَوْ قَالَهَا هَذَا الْغَضْبَانُ أَذْهَبَ اللهَُّ عَنْهُ: أَعُوذُ بِاللهَِّ مِنَ الشَّیْطَانِ الرَّجِیمِ
«Мен бір сөз білемін. Егер мына ашуға булыққан адам сол сөзді айтса, Алла оның ашуын басады. Ол сөз – «Ə′уузу биллəəһи минəш-шайтаанир-ражиим» (Алланың мейірімнен мақұрым қалған шайтанның азғыруынан Аллағқа сыйынамын)» – дейді. Алда-жалда ерлі-зайыптылар да бір мəмілеге келіспей өзара ұрысып қалса, отағасы қызылкеңірдек боп айтысып жатпай, дереу осы сөзді аузына алса, сабырға тез арада келе алады.
إِذَا غَضِبَ أَحَدُكُمْ وَ هُوَ قَائِمٌ فَلْیَجْلِسْ فَإِنْ ذَهَبَ عَنْهُ الْغَضَبُ وَ إِلَّا فَلْیَضْطَجِعْ
«Кімде-кім ашуланған кезде түрегеліп тұрса, дереу отырсын, онда да ашуы тарқамаса, созылып жатсын».
Пайғамбарымыздың (саллаллаһу алəйһи уə сəллəм) осы хадисінен адам бір жағдайдан екінші жағдайға
ауысқанда ашуының тарқайтынын ұғамыз. Егер бойын кернеген кек тіптен бой бермей бара жатса, суық сумен дəрет алған жөн. Себебі тағы бір хадисте былай делінген: إِنَّ الْغَضَبَ مِنْ الشَّیْطَانِ وَ إِنَّ الشَّیْطَانَ خُلِقَ مِنْ النَّارِ وَ إِنَّمَا تُطْفَأُ النَّارُ بِالْمَاءِ فَإِذَا غَضِبَ أَحَدُكُمْ فَلْیَتَوَضَّأْ «Ашу – шайтаннан. Шайтан болса оттан жаралған. Отты тек қана су сөндіреді. Кімді ашу қысса, дереу дəрет алсын».
Дəрет алғаннан кейін де ызасы тарқамаса, нəпіл намаз оқығаны жақсы. Себебі Құранда: «Шынында намаз адамды бұзақылық пен жамандықтан қорғайды» деп айтылған. Намаз оқығанда адам нəпсісін басып дүниеден алыстайды. Көңілінде сабыр салтанат құрып, өткінші қиындыққа бола күнəға бармайды. Ашу қысқанда адамның аулаға шығып, бой жазып қайтқаны да пайдалы.
لاَ یَفْرُكْ مُؤْمِنٌ مُؤْمِنَةً إِنْ كَرِهَ مِنْهَا خُلُقًا رَضِيَ مِنْهَا آخَرَ
«Мүмін ер адам мүмін əйелді жек көрмесін. Егер оның бір мінезін ұнатпаса, басқа мінезін ұнатуы бек мүмкін»[94] деп хадисте айтылғандай, кез-келген адамның бойынан жамандық та, жақсылық та табылуы мүмкін. Отағасы осыны ойлап, əйеліне əрдайым кешіріммен қарауға тырысуы керек. Құранда Алла тағаланың: أَنْ تُحِبُّوا شَیْئًا وَهُوَ شَرٌّ لَّكُمْ