Хадис имамдары (мұхаддистер) біздің асыл дініміз исламның аса көрнекті ғалымдары болып табылады.
Жатқа жүз мың хадис әрі оларды жеткізушілердің есімдерін (рауи) білетіндерді "Хафиз" деп атайды.
Жатқа екі жүз мың хадис білетін Имамдарды "Шайх ул-Хадис" дейді.
Жатқа үш жүз мың хадис білетін ғалымдарды "Худжат-ул-Ислам" деп атайды.
Жатқа үш жүз мыңнан астам хадис әрі оларды жеткізушілерді толықтай білетін Имамдарды "Хадис Имамдары" немес "Хадис мұджтахидтері" деп атайды.
Соңғы жүз жылдықтарда мұндай ғалымдар қалмады.
Күллі Ислам әлемінде алты көрнекті Имамдардың көпшілікке танылған хадистер жинағы бар. Бұл алты жинақтар "Кутуб-и Ситта" деген жалпы атаумен танымал.
Мұқият тексерістен өткен көрнекті шығарма – хадистер жинағының авторлары келесі алты Имам, оларға Алланың рақымы болсын, болып табылады:
1. Имам әл-Бұхари (Мұхаммед б. Исмаил). 194/810-256/870 194/810
Бұхарада дүниеге келіп, 256 /870 Самарқандта дүние салған. Кітаптарда қысқаша "H" әрпімен белгіленеді. Оның шығармасы "Жами-ус-Сахих", онда 7 275 хадис бар, күллі Ислам әлемі ғалымдарының бірауыздан мойындауымен бұл дүниедегі ең үздік хадистер жинағы болып табылады.
Осы жинақтағы жұмысы жайлы автордың өзі былай жазған: "Жами-ус-Сахих" жинағына кірген хадистерді мен 600 мың хадистердің ішінен іріктеп алғанмын. Кезекті бір хадисті жазар алдында мен толық ғұсыл алып, екі ракағат "Истихара" намазын оқитынмын. … Тек содан кейін барып қана кітапқа хадисті жазатынмын. Барлық хадис тек осындай тәртіппен ғана жазылған! Осы жұмысыма мен 16 жылымды арнадым! Аталмыш жинаққа ең сенімді хадистер енгізілген. Осы арада айта кетуім керек, бұл жинаққа кірмеген сенімді хадистер анағұрлым көп". (ЕА).
2. Имам Мүслим (Әбу-әл-Хусайн ан-Нишапури). 206/821-261/874
Кітаптарда қысқартылып "M" әрпімен белгіленеді. Оның кітабы "Жами-ус-Сахих", 300 мың хадистерден іріктеліп алынған хадистер кірген.
3. Имам Тирмизи (Тирмузи) Мұхаммед б. Иса; 209/824-279/892.
Мұхаддис, "Жами-ус-Сахих" хадистер жинағының авторы. Жейхунның жағасындағы Бұхараның оңтүстігінде орналасқан "Тирмуз" деген жерде туған. Ғалымдардың кітаптарында қысқартылып "I" әрпімен белгіленеді.
4. Әбу Дәуд ас-Сиджистани (Сулейман б. Эш'ас б. Исхак; 202/817-275/889)
Кітаптарды қысқартылып "D" әрпімен белгіленеді. Көрнекті мұхаддистердің бірі, "Сунан" хадистер жинағының авторы. Имам Үндістан шекарасының маңындағы Сиджистан деген жерде дүниеге келіп, Ирактың Басра қаласында дүние салған.
5. Имам Мәлик б. Анас (90-179 х.ж).
Мәлик б. Анас тек хадис Имамы ғана емес, сондай-ақ, Мәлики мәзхабының негізін қалаушы болып табылады.
Мәлик б. Анас хижраның 90-шы жылы Нұрлы Мединеде дүниеге келіп, сол жерде 179 жылы дүние салған.
Кітаптарда қысқартылып "МА" әріптерімен белгіленеді. Оның "Мууатта" кітабы хадистер жинағының алғашқысы болып табылады.
"Меуду'ат-ул-Улум" кітабында кейбір ғалымдардың "Кутуб-и Ситта" жинақтарын айтқанда, "Мууатта" жинағының орнына Имам Ибн-и Мадждың «Сунан» жинағы келтірілгені айтылған.
Ибн-и Маджа (Мұхаммед б. Йазид әл-Казвини; Әбу Абдулла) 209/824-273/886
Хафиз. Көрнекті алты мұхаддистердің бірі, жинақтары «Кутуб-и Ситта» жалпы атаумен аталатын жинаққа кірген. 4000 хадис жинақталған «Сунан-и Ибн-и Маджа» танымал хадистер жинағының авторы. (IAA, III: 199-200).
6. Ан-Насаи (Әбу Абд-ур-Рахман Ахмад б. Әли). 215/830-303/916
Хижраның 215 жылы туып, 303 жылы қайтыс болған.
Кітапарда оның жинағы қысқартылып "S" әрпімен белгіленеді. Имамға "Сунан-и Кабир" және "Сунан-и Сагир" хадистер жинағы тиесілі. "Сунан-и Сагир"жинағы "Кутуб-и Ситта" деп жалпы атаумен аталатын алты танымал хадистер жинағына кірген.
"Меуду'ат-уль-Улум" кітабында ғалымның шығармасындағы мәтінде әлдебір «Сунан» кітабы айтылса, онда автор (жалпы танылған тәртіп бойынша) жоғарыда айтылған қысқаша сәйкесінше мынадай әріптермен (D), (T), (S) белгіленетін төрт Имамның: Әбу Дәуд, Тирмизи, ан-Насаи, и Ибн-и Маджа - бірінің хадистер жинағы деп түсінетіндігі айтылған.
"Сунан" деп аталатын басқа жинақтар айтылғанда, жинақтың атауымен бірге автордың есімі де айтылады. Мысалы: "Сунан-и Даре Кутни", "Сунан-и Кабир-и Байхаки". Бұл жинақтардың қысқартылған әріптік белгіленуі сәйкесінше мынадай: (KTiN) және (Hek).
Сондай-ақ, басқа да құнды әрі танымал хадистер жинақтарының да жалпы танымал әріптік белгіленулері бар: Имам Ахмад б. Ханбал «Муснадының» әріптік белгіленуі (HD), Имам Йа-Ла «Муснады» - (Ya'la), Имам Абдулла ад-Дарими «Муснады» - (DR), Имам Ахмад Бэззар «Муснады» – (Z). Бұл кітаптарды тағы да "Месанид" деп те атайды.
Барлық мақтау бүкіл әлемнің Раббы Аллаға тән!
Әбу Асад әл-Ханафи «Сүннет пен татулықтың адамдары – кімдер олар».