Дәрет - Исламда кейбір ғибадаттарды іске асыру үшін және жеке басы ғибадат саналатын арнайы тазалану түрі. Бұл белгілі бір мүшелерді жуу және мәсіх етуден тұрады. Дәрет - негізінде дененің ең көп кірленетін мүшелерін тазалауды көздеген Исламдағы маңызды ғибадат. Сондықтан да Дәретсіз намаз оқып, Қағбаға тауап ете алмайды.
Құранды да жалаң қолмен ұстай алмайды. Бірақ ашық тұрған Құранның бетіне қарап оқи алады. Дәреттің осы дүниелік әрі ақыреттік пайдалары көп. Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұл тұрғыда:
«Кімде-кім әмір етілгендей дәрет алып, әмір етілгендей намаз оқыса өткен күнәлары кешіріледі» (Бухари, Уду /28).