Тарауих намазы қалай оқылады?

Тарауих намазы қалай оқылады?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Үiтiр намазы рамазан айында ғана жамағатпен бiрге оқылады. Тарауих намазын екi бас қылып, он сәлеммен және әрбiр төрт рәкатта бір тәсбих айтып оқу мустахаб. Қазасы болғандар бос уақытында бес уақыт сүннеттер мен тарауих орнына да қаза оқып қарыздарын ертерек бітіріп, сонан соң бұл намаздарға кірісуі керек.

Тарауих намазы мешiтте жамағатпен оқылғандықтан кейбiр кiсiлердің үйiнде тарауих намазын оқуы күнә болмайды. Бiрақ мешiттегi жамағат сауабынан құр қалады. Үйiнде бірнеше кісімен жамағатпен оқығанның сауабы жалғыз оқығаннан  жиырма жетi есе көп болады.

Әрбiр ифтитах тәкбiрiнде ниет еткен жақсы. Құптан намазын жамағатпен оқымаған кісілер тарауих намазын да жамағатпен оқи алмайды. Құптанды жамағатпен оқи алмаған бір кісі парызды жалғыз оқып, кейін тарауихті жамағатпен оқи алады.

Тарауих  намазын  үйде оқитын  (әйелдер және белгілі бір себептермен жамағатпен оқылатын  тарауих намазына қатыса алмаған ер  адамдар)  адамдар  тарауих  намазын  төмендегідей оқиды: 

1. 20 рәкат тарауих намазын өтеуге  ниет ету;  

2. «Аллаһу әкбәр» деп ифтитаһ тәкбірін  айтып,  қолдарды  кеудеге  қою;

3. Оң қолы сол қолының үстіне келетін түрде, қолдарын кеудесіне ұстап, «Субханака» дұғасын айтады: «Субханака Аллаһумма уа бихамдика уә тәбәрәкә-смукә уә тәғала жәддукә уә лә иләһә ғайрук».

4. «Әғузу- Бисми» айтылады. Содан кейін, Құрандағы «Фатиха» сүресін оқиды. Қосымша бір сүре оқылады.

5. «Аллаһу әкбар» деп рукуғқа барады. Рукуғта  3 рет «Субхана раббиял азим» (мағынасы: «Аса Үлкен Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») деп айтады.   

6. «Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» (мағынасы: «Алла Өзін мадақтаған жанның мадағын есиді») деп айтып, рукуғтан тұрады. Және тік тұрғаннан кейін «Раббәнә уә ләкәл-хамд» (мағынасы: «Ей, Раббымыз Алла! Хамд мен мадақ Саған ғана лайық») дейді

7. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Алла Ұлық!») деп сәждеге барады және  3 рет «Субхана раббиял ағләә» (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемістік атаулыдан пәк») деп айтады.

8. Сәждеден басын көтеріп, отырады.

9.  «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Алла Ұлық!») деп екінші сәждеге барады. 3 қайтара  «Субхана раббиял ағләә» » (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемістік атаулыдан пәк») дейді.

10. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Алла Ұлық!») деп екінші рәкатқа тұрып қолдары байлап,  «Фатиха» сүресін оқиды және қосымша бір сүре оқиды.

11. «Аллаһу әкбар» деп рукуғқа барады. Рукуғта  3 рет «Субхана раббиял азим» (мағынасы: «Аса Үлкен Раббым күллі кемшілік атаулыдан пәк») деп айтады.

12. «Сәмиаллаһу лимән хамидаһ» (мағынасы: «Алла Өзін мадақтаған жанның мадағын есиді») деп айтып, рукуғтан тұрады. Және тік тұрғаннан кейін «Раббәнә уә ләкәл-хамд» (мағынасы: «Ей, Раббымыз Алла! Хамд мен мадақ Саған ғана лайық») дейді.

13. «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Алла Ұлық!») деп сәждеге барады және  3 рет «Субхана раббиял ағләә» (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемістік атаулыдан пәк») деп айтады.

14. Сәждеден басын көтеріп, отырады.

15.  «Аллаһу әкбар» (мағынасы: «Алла Ұлық!») деп екінші сәждеге барады. 3 қайтара  «Субхана раббиял ағләә» » (мағынасы: «Аса ұлы Раббым күллі кемістік атаулыдан пәк») деп айтады.

16. «Аллаһу әкбар» («Алла Ұлық») дер сәждеден басын көтеріліп тізерлеп отырады. Отырғанда «Әт-тәхият», «Аллаһумма салли», «Аллаһумма барик»  дұғаларын  оқиды.

17.  Соңында  бірінші оң  иыққа қарап «Әс-сәләәму аләйкум уа рахматуллаһ» деп  сәлем береді.   Сосын  сол иыққа қарап «Әс-сәләәму аләйкум уа рахматуллаһ» деп  сәлем береді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (10)

Оқи отырыңыз: