«Мен көзіммен емес, жүрегіммен көрген Алла Пәк әрі барлық кемшілік атаулыдан ада».
Миғражда біздің сүйікті Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алланы көрді ме? Бұл сұрақ жөнінде асхабтар мен имамдардың арасында келіспеушілік туындаған, сондықтан олар әртүрлі пікірлер қалдырған болатын.
Ибн Аббас пен Кабул-Ахбардың айтуынша, сол түні Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дене көзімен шынайы түрде Алла Тағаланы көрген.
Мәртебелі Айша анамыз (ол кісіге Алла разы болсын):
- Алла Елшісі сол түні дене көзімен Алланы көрмеген. Өйткені Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) бекер былай айтпаған еді: «Мен көзіммен емес, жүрегіммен көрген Алла Пәк әрі барлық кемшілік атаулыдан ада». Бұлай болса, ол рухани көзімен көргені ғой.
Араб шейхы, Шығыс пен Батыстың мүфтиі, имам Науауи Бұхари мен Мүслимнің «Сахихінде» келтірілгендер бойынша, мынадай тұжырымға келген: :
- Алла Елшісінің (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла Тағаланы расымен өз көзімен көргендігі туралы менде нық сенім пайда болды.
Осы мәселе жөнінде асхабтар әртүрлі пайымдаулар айтқанда, Ибн Аббас: «Ол дене көзімен көрген», - деп айтқан. Негізі, Ибн Аббас сол адамдардың арасындағы ең білгіші болатын, бірақ Айша анамыз (ол кісге Алла разы болсын): «Ол дене көзімен көрмеген», - деген. Міне, осылайша, келіспеушілік пайда болған.
Алайда Науауи Әль-Бұхари мен Мүслимнің хадистер жинағына жазған түсіндірмесінде былай деген: «Осы екі пайымдауды салыстыра келе, сол түні Алла Тағала Алла Елшісінің (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі болсын) барлық сезім-түйсінігін алып қойған деп айта аламыз. Оның көздері жарықты сезуден қалған. Ол көру барысына қатысатын барлық элементтерді алып қойған. Ал оның өзін Алла нұрға айналдырған. Содан кейін Алла Тағала оның жүрегі арқылы Оны көріп, тануға мүмкіндік берген. Пайғамбарымыз (ол кісіге Алланың салауаты мен сәлемі босын) Алланы нұрға айналған барлық дене мүшелерімен көрген. Ол Оны жан-жағынан қарап, тек нұр шашудан басқа ештеме көрмеген. Ендеше, осынау ақиқат нұр шашудан ол Алла Тағаланың ақиқаттылығын көрген».
Кази Бейзауи өз түсініктемесінде былай айтқан:
- Мұса пайғамбар Алланың сөзін өзінің барлық дене мүшелерімен естіген болатын. Ақылға салып, көрген. Сөзсіз, ақиқатқа қатысты бұл өте сыпайы сұрақ.
"Әнуарул-ашиқын" кітабынан.