Меркі ауданы, Сұрат ауылында «Сұрат» мешітінің ұйымдастыруымен Пайғамбарымыз (с.ғ.с) туған күні Мәуліт мерекесі аталып өтті.
"Алла Тағалаға сансыз шүкірлер болсын, осындай еркін ел болып, осының арқасында дінімізді біліп, тануымызға, еш кедергі болмай, әрқайсымызға ерік беріп, құлшылық-ғибадаттарымызды мешіттерде, мерекелеп өткізіп жатырмыз," - дейді ауыл имамы.
Сұрат ауылында өткен мереке осы еркін ел болғанымыздың бірден-бір көрінісі. Ауыл ел болып, жиналған халықтың қарасы мол, Мәуліт мерекесі мешіт асханасында мерекелік дастархан басында, әсем әуен, жыр шумақтар, Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өміржолынан бейне көріністер, салауаттар айтылып мерекеленді.
Аудандық «Меркі ата» мешіті