"Һибатулла Тарази" мешітінде экстремизм мен терроризмге байланысты имамдардан құралған арнайы топтың кезекті жиналысы өтті. Аталған бас қосуды ҚМДБ-ның Жамбыл облысындағы өкілі, "Һибатулла Тарази" мешітінің бас имамы Данияр қажы Жұмабаев жүргізді.
Жиында осы айда атқарылатын іс-шаралар жоспары қаралып, дін мамандарына тапсырмалар бекітілді. Жат ағыммен күрес мақсатында айтылатын уағыздар тақырыбы тапсырылып, мешіттер мен кездесу шарасы өтетін орындар тілге тиек болды. Қоғамдағы теріс ағыммен жасалып жатқан жұмыс барысы талқыланып, ұсыныс, пікірлер тыңдалды.
Арнайы топтың мамандары жамағат арасындағы проблемаларды ортаға салып, шешу жолдары қарастырылды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.