Жақсылықты Алла үшін істе

Жақсылықты Алла үшін істе

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Иманды бір мұсылман Меккеде болған кезінде шашы өсіп, өзінде қырынатын еш нәрсе болмағандықтан шаштаразға келеді.

Оның жүзінен жылылықты байқап: “Алланың разылығы үшін шашымды алып бересің бе?” - деп сұрайды. Ол: “Алланы сүйгендіктен, Оның ризашылығы үшін қайырымдылық жасайын," - дейді де орындыққа отырғызып, шашын алып береді. Одан соң қолына ораулы бір затты ұстатады. Оның ішінде біраз ақша бар еді. Ол оған: “Әй, бауырым, сен алыстан келіп, бөтен елде жүрген адамсың. Сенің халіңді түсінемін. Мына ақшаны ал, қажетіңе жаратарсың, дейді.

Әлгі кісі ақшаны алып, ішінен сәті түскен күні қайтарармын деп ойлайды.

Одан шығып Харам мешітіне келгенде таныс адамдардың бірі келіп: “Басрадан саған үш жүз динар ақша келді. Ол - саған Алла үшін берілген нәрсе,” — дейді. Ол ақшаны алып, шаштаразға келеді де оның қолына ұстатады. Шаштараз оған қатты ашуланып: “Әй, мырза, маған келіп, Алла үшін шашымды алып бер дедің. Енді Алла разылығы үшін еткен ісіме ақша алуымды сұрайсың. Бар, жөнел. Алла саған жеңілдік берсін!” - дейді.

Ғибрат: Өз елінен жырақта, басқа елде жүрген кісіге жақсылық жасауға, ауыртпалығын жеңілдетуге асық! Оған Алланың разылығы үшін бір қайырымдылық жасасаң, ол үшін ақы сұрама! Берсе алма.

Араб тілінен аударған: Қ. Садыбаев

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: