Шетелдердің бірінде іс сапармен жүрген бір ер кісі әйелінің білімге деген қызығушылығын арттыруды қалайды. Өйткені өзі шетелде компьютер және интернет жүйесімен жұмыс істеуді меңгерген еді. Ол кісінің жұмыс орнының тәртібі бойынша әйелін екі жылдан соң және жоғары білімі болса ғана қасына алуына рұқсат етіледі. Шетелде жүрген бұл кісі көрікті әйеліне компьютер сыйлайды.
Сондай-ақ ол кісі әйелі екеуінің ыстық ықыласқа толы хаттары өзгелердің қолына түсіп қалмауы үшін, бір-біріне тікелей жолдамақ болып, интернет жүйесінен өздеріне жеке почта ашып, оны қалай пайдалану керектігін әйеліне үйретеді. Ауыл әйелдері бұл ерлі-зайыптылардың жаңа байланысына таңдай қағысты. Тіпті кейбіреулері күйеулерінен компьютер үйретуді талап ете бастады. Ал кейбіреулері бұған мүлде аң-таң болып қалды. Сонымен бұл әйел компьютермен жұмыс істеуді және интернет жүйесін пайдалануды үйреніп алды. Күйеуі арнайы ашып берген почта арқылы бір-біріне хат жібере бастады. Тіпті әйел үйіндегілерге: «Күйеуім он бес минут бұрын бес хат жіберді, алтыншысын сағат онда жіберетін болды»,- деп, оларды таңқалдырып жүрді. Көшеде күйеуі туралы сұрағандарды да «Ол халі жақсы, бір сағат бұрын консулмен бірге еді, кешкісін сапарға шығады», - деп таңқалдыратын. Күйеулері шетелдерде қызмет жасайтын әйелдер, осы әйел сияқты хат жазысып тұрулары үшін, күйеулерінен әсемдік бұйымдарын сатып болса да, компьютер сатып алып беруді талап ете бастады.
Кейіпкеріміз болып отырған әйелдің күйеуіне жұмбақ есіммен басқа почта ашу ойы келді. Бұл ойы өзіне қатты ұнап, оны жүзеге асырды. Сөйтіп ол кісі жұмбақ есіммен ашып алған почтасы арқылы мына хабарландыруды жіберді:
Күйеуі: «Шетелде қызмет атқаратын 35 жастағы жігіт. Табысы қомақты. Керемет үйі және көлігі бар. Орта білімді қызбен тұрмыс құруды қалайды. Компьютерді меңгерген және интернет жүйесін пайдалана біледі. Тұрмыстық өмірді қадірлей біледі. Әйелі өзімен бірге шетелде болады. Егер ажырасқан болса да, кедергі болмайды. Танысқысы, тұрмыс құрғысы келетін қыз-келіншектер болса, осы электрондық почта арқылы хабарласуларына болады». Сосын ол кісі әйеліне әдеттегідей хаттарын жіберуді жалғастыра берді. Бірақ, ол кейінгі хатында әйелін қасына алуға жасаған әрекеттерінің сәтсіз аяқталғанын, әйеліне тағы да біраз күтуге тура келетіндігін айтып жазды. Әйелі бұл хатты оқып үмітсізденді де, өзін алдандыру үшін интернетті қарай бастады. Кенет жұмбақ есіммен жіберілген хатты көзі шалды. Ол хаттың иесінен бейхабар болатын. Мына хабарландыруды қараңызшы! Бұл хат әйелдің бүкіл сезімін билеп алды. Арадан көп уақыт өткізбей, дереу бұл хатқа жауап жазды.
Әйелі: «Менің жасым 30 да. Білімім орташа. Компьютерді меңгергенмін. Интернет жүйесін жақсы пайдалана білемін. Тұрмыстық өмірді бағалаймын. Сізге тұрмысқа шығып, шетелде тұруға қарсы емеспін. Электрондық мекен-жайым осы хатты жіберіп отырған почта».
Күйеуі бұл хатты алды. Әйелінің желіде екенін білді. Ол абдырап қалды. Негізінде ол басқа қыз-келіншектермен ойнамақшы еді. Ол өз әйелінің бірінші құрбан болатынын ойламаған еді. Енді ол әйеліне қосымша мәліметтер жіберуін өтініп хат жолдады.
Әйелінен мынадай жауап келді: «Менің күйеуім шетелде жұмыс істейді. Мен шетелдің қандай екенін көрген емеспін. Күйеуім мені тастап кеткен». (Әйел осы жерде мынаны қосып айтты:) «Ол мені шетелге алып кете алмаған соң, мен одан ажырасуды талап еттім. Ол келісімін беріп, ажырастық».
Енді күйеуі суреттерін жіберуді өтініп хат жолдады. Сонда әйелі көкірегін жалаңаштап түскен суретін жіберді. Сөйтті де: «Сіз де маған суретіңізді жіберіңіз» деп жазып қойды.
Күйеуінен: «Егер мен суретімді жіберсем, таңданғаннан ақыл-есіңізден айырылып қаласыз» деген жауап келді. Әрине, әйел бұл сөздің мақсатын түсінбеген еді. Келесі хатында әйел «Сізді көріп, ес-түсімнен айырылғым келеді» деп жазды. Арада бірнеше күндер өтіп, әйелге одан хат келмей қалды. Әйел тағы «Мені ес-түсімнен айырылдыруыңызды асыға күтудемін» деп хат жіберді. Сонда күйеуі оған екеуінің бас қосып, отау тіккен кездеріндегі суретін салып, астына «Талақсың, талақсың, талақсың» деп жазып жіберді. «Ойыннан от шығады» деген осы, екі жас өз өміріндегі ең аяулы да қуанышты жанұялық одақтан айырылысты.
Ғибратнама: Өте өкінішті оқиға. Алладан пайдалы ілім сұрап, ғаламторды жақсы ниетте ғана пайдаланайық бауырлар.