Мектептерде шырша қоюға тыйым салынды

Мектептерде шырша қоюға тыйым салынды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Тәжікстан мектептерінде жаңа жылдық шырша қоюға тыйым салынды. Аталған елдің білім және ғылым министрлігі осындай пәрмен беріп отыр.

Аталмыш министрліктің баспасөз хатшысы Эхсон Хушвакт хабарлағандай, мұндай шешім ақша жинауға жол бермеу мақсатында ата-аналар тарапынан түскен өтініш негізінде қабылданған.

Ата-аналар шығынданғысы келмейді деп емес, ысырапшылдыққа бармау үшін осындай қадамға барды деп түсіну керек. Десе де аталмыш министрлік өкілдері жаңа жылды мерекелеуге қоғамдық орындарда тыйым салмайды.

Бір айта кететіні, тәжік оқушылары қысқы каникулда бір ай бойы, дәлірегі, қаңтар айының 1-нен 31-не дейін демалады. 

islam.kz


Сендерді тура жолға салған Аллаға шүкірлік етулерің үшін санын толтырыңдар. Әрі Алланы ұлықтаңдар.[Бақара сүресі, 185-аят]  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: