Франция астанасында «İkra» атауымен ислам каллиграфиясы көрмесі ашылды. Көрмеге екі хаттат шебер – Мұстафа Джемиль мен Сейит Ахмет Бурсалы өз туындыларын ұсынды. Экспозициясы Жозеф Бачамонның жеке галереясында ұйымдастырылған.
Айта кетсек, каллиграфия көрмесі Түркияның кәсіпкерлер мен өнеркәсіпшілер ассоциациясының қолдауымен өтуде. Шараның мақсаты – Еуропа елдеріне екі мың жылдық тарихы бар ислам каллиграфиясын таныту.
Хаттат Мұстафа Джемиль каллиграфия әлемде теңдесі жоқ өнерге жататынын, себебі араб жазуына негізделген көркем туындыға ұқсас жазба кездеспейтінін атап кетті.
Көрмеге ұсынылған туындылар заманауи ислам каллиграфиясын танытады, дегенмен, барлық экспозицияда дәстүрлі сабақтастық табылады. Көрме 24 желтоқсанға дейін жалғасады.
«Қашан Құран оқылса, оған құлақ салып тыңдандар да үңдемендер. Осылайша рақымға бөленерсіңдер» («Ағраф» сүресі, 204-аят