Зайд бин Хариса

Зайд бин Хариса

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Йеменде анасы екеуі бір жерге бара жатқанда тұтқынға алынып құлдыққа жіберіледі. Меккеге алып келіп хазіреті Хадиша анамыздың жиеніне сатылады. Жиені кейін оны хазіреті Хадишаға, ол да пағамбарымызға (с.а.у.) сыйға береді. Әкесімен нағашысы ізіне түсіп, оны іздеп Меккеге келеді. Ол кезде әлі пайғамбарлығы жарияланбаған Расулаллаһтың алдына келіп балаларын сұрайды. Пайғамбарымыз (с.а.у.):

–Зайдтің өзінен сұрайық. Сізге барғысы келсе барсын, менің жанымда қалғысы келсе осында қалсын, – дейді. Әкесімен нағашысы ұсынысқа қатты қуанады. Өйткені, балаларының өзіне қайтатынын ойлады. Зайдті шақырып пайғамбарымыз (с.а.у.) жағдайын түсіндіреді. Сонда ол былай жауап береді:

–Мен ешкімді сізге ауыстырмаймын. Менің әкем де нағашым да сізсіз. Сіздің қасыңызда қалғым келеді.

Әкесі бұл жауабына ашуланып:

–Сен бостандықты, әке-шешеңді, нағашыңды құлдыққа ауыстырып отырсың!

–Әкетайым, мына кісіден сондай жақсылықтар көрдім, енді одан айырылғым келмейді.

Пайғамбарымыз (с.а.у.) бұған өте қуанып, Зайдті қағбадағы хажарул асуад тасының жанына алып барып, ол жерде болғандарға былай деп жариялайды:

–Бәрің куә болыңдар! Зайд бүгіннен бастап менің балам. Әкесімен нағашысы көргенде ашулары басылып, көңілдері толған күйінде еліне қайтады.

Зайд бин Хариса Расулаллаһтың пайғамбарлығын естуімен иманға келеді. Алғашқы иман келтірген 4 адамның бірі болды. Мекке кәпірлері оған өте көп азаппен қорлық көрсетеді. Хижретке рұқсат келумен Мәдинаға көшті. Расулаллаһ та оны азат еткен болатын.

Сахабалардың ішінде хазіреті Зайдтен басқа ешкімнің есімі Құран Кәрімде анық айтылмаған. 630 жылы қолбасшы ретінде қатысқан Мута соғысында шейіт болды. Ұлы Усама хазіреттері де пайғамбарымыздың (с.а.у.) қолбасшы етіп тағайындаған сахабалардан болған.

 asyldin.kz

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: