Абдуллаһ ибн Аббас

Абдуллаһ ибн Аббас

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Абдуллаһ ибн Аббас – ұлы сахабалардың бірі. Хижрадан 3 жыл бұрын дүниеге келді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) қайтыс болған кезде 13 жаста болатын.

Екі рет Жәбірейіл алейһиссаламды көрді. Пайғамбарымыз (с.а.у.) оған Алла Тағала даналық берсін деп дұға еткен. 71 жасында Таифта қайтыс болды. Бір күні мешітке бара жатып, жолда бір әдемі әйелді көреді.

Нәпсісінің оған бет бұрғанын байқайды. «Ей, Раббым! Сен маған көзді бір нығмет етіп бердің. Бірақ мұның бір бәле болуынан қорқамын. Көзімді көргізбе» деп дұға етеді. Көздері көрмей қалады. Бауырының баласы оны мешітке апарады, бір тіректің түбіне құбылаға қаратып отырғызады.

Бала ойнауға кететін, керек кезінде баланы шақырып алатын. Бір күні дәрет алу керек болды. Баланы шақыртады. Ойынға беріліп кеткен бала келе қоймайды. Маңайды ластайтынынан қорқып, «Ей, Раббым! Көзімді нығмет ретінде бердің. Бәле болатындығынан қорыққанымнан көргізбей қойдың. Енді киімім мен мешіттің ластануынан қорқамын» – дейді. Сол кезде көрмейтін көздері қайтадан ашылады.  

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: