ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Зағипа Балиева діни сенімдеріне байланысты вакцина салдырмай отырған қазақстандықтарға ескерту жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz. «Біздің азаматтарымыздың 40%-ы діни сенімдеріне бола вакцинадан бас тартты.
Билік діннің вакцинаға қарсы келмейтініне назар аударуы тиіс. Керісінше, олар менингит ауруына қарсы вакцина салдырмаса, Меккеге кірмейді» деді депутат. Сонымен қатар, депутат қажетті вакциналар тасымалдануының үзілуі «жылдар бойы қалыптасқан жүйеге» деген сенімді бұзатынын айтып өтті.
«Соңғы екі жыл ішінде А және Б вирустық гепатиттеріне қарсы АКДС сынды вакциналардың тасымалдану үрдісі үзіліп отыр. Мұндай вакциналардың жетіспеушілігі коклюш, дифтерия және полиомиелит секілді инфекциялардың пайда болуына әкеліп соғуы мүмкін. Ал бір ғана полиомиелит инфекциясының табылуы әлемде столбняк пен гемофильді инфекцияға шалдықтырады.
Бәлкім бұл вакциналардың дұрыс тасымалданбауы оларға республика тарапынан бөлінетін бюджет жетіспеушілігі салдарынан болуы мүмкін» дейді Балиева. Депутат сапалы өндірушілерге жүгініп, баланың денсаулығына кері әсері тиген жағдайда қолдану үшін вакцина сатып алу тәртібіне өзгеріс енгізуді ұсынды.
Kazislam.kz
"Олармен олардың қалаған нәрселерінің арасына кедергі түседі. Бұрын ұқсастарына да сөйтілген еді. Сөз жоқ, олар шәк ішінде күдіктенуші". ( "Сәбә", 34/54)