БАС МҮФТИ ХАЛИФА АЛТАЙДЫҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

БАС МҮФТИ ХАЛИФА АЛТАЙДЫҢ ОТБАСЫНА КӨҢІЛ АЙТТЫ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Халифа Алтайдың жары Бибәтіш Жүнісқызының қайтыс болуына байланысты марқұмның туған-туыстарына көңіл айтты.

«Дін және қоғам қайраткері, белгілі ғалым, жазушы Халифа Алтай атамыздың аяулы жары Бибәтіш Жүнісқызы анамыздың қазасы туралы қаралы хабар менің де жаныма батып, қабырғамды қайыстырды. Қаза қайырлы болғай.

Халифа Алтай атамыздың ағайын-жұрт, туған-туыстарына Өзімнің және Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы атынан қайғыларына ортақтаса отырып, көңіл айтамын.

Марқұм Бибәтіш анамыздың жаны жәннатта болып, Жаратушы Иеміз алдынан жарылқасын! Алла Тағала қазаның артын қайырлы еткей! Әмин!» – делінген Бас мүфтидің көңіл айту жеделхатында.

muftyat.kz    


Алла Елшісі (Алланың оған игілігі мен сәлемі болсын) тағы бір хадисінде былай деп айтқан: "Қабір жәннат бақшаларынан бір бақша немесе тозақ шұңқырларынан бір шұңқыр болады".

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: