Қарапайым өмірде жіберіп алатын 10 қателік

Қарапайым өмірде жіберіп алатын 10 қателік

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Бақыттың" нақты не екендігін әлі нақты еш ғылым аша алмағанымен, "бақытты болудың" миллиардтаған тәсілі бар. Бірақ бір сәттік бақыт пен өмірдің мәнін шатастырып алмағаныңыз жөн.

Адамдар бақыт қуып кейде бастарын тауға да, жарға да "соғып" жатады. Ақырында бар талпыныс еш кетпек. Тіпті тапқан-таянғаны басқа кем-кетігіне кетіп, орны толығып отыратыны заңдылық. Соңында өмірдің қалай өтіп кеткенін байқамай қалып жатады.

Өмірде тек ақша мен бақыттың соңынан қуып нағыз байлық пен бақыттан қағылып қалмаңыз. Сол себепті де өмірдің әр секундына мән беретін төмендегі біраз кеңестерді ұсынамыз. 

 Уақытыңызды соңы жоқ сериалдар мен телебағдарламаларды көруге арнамаңыз. Әр сериясына сағаттарыңыз кеткенімен, сіздің өміріңіз де осы сериал секілді бір күні бітетінін ұмытпаңыз.

 Виртуалды әлемге қарағанда шынайы өмір маңыздырақ болуы керек. Шынайы «осы» әлемде өмір сүріңіз. Табиғаттың, күннің, әрбір сәттің ғажайып көріністерін есте сақтаңыз.

Айналаңызға мән беріңіз. Қартайған шағыңызда еске алып отыратын естеліктеріңіз көп болсын.

Өзіңізді жағымды қасиеттерге баулыңыз. Бастысы – денсаулығыңызды күтіңіз.

Күн сайын бір жаңа дүниені біліп отыруды әдетке айналдырыңыз. Шексіз ғаламның құпиясына ынтық болыңыз. Сонда ғана қартайған шағыңызда даналық пен кемеңгерлікке жетесіз.

Таңның атуы мен күннің батуын бақылап, әр сәттің өз кереметін байқап үйреніңіз.

Күнделікті тағып жүрген «бетпердеңізді» шешіп, шынайы болыңыз. Сонда ғана шынайы өмір сүре аласыз.

Бастысы өзіңізді жоғалтып алмаңыз. Сенімсіздік пен қорқыныш сіздің өмір сүруіңізге үлкен кедергі болып табылады. Сол себепті де өзіңізге сенімді  болған жөн.

Сонымен қатар, өзіңізге тым сын көзбен қарап, кемсітуді доғарыңыз. Тұйық, өзіне сенімсіз адамдарға өмірде өз орындарын табу қиынға соғады.

Көңіліңіздің түкпіріндегі пәк бала көңіліңізді жоғалтып алмаңыз. Өмірді шынайы қабылдап, әр сәтінен жақсылықтарды көре біліңіз. Тіпті шешілмейтін мәселе болса да, артынан бір қайыры бар екенін есіңізден шығармаңыз. Бастысы сенім мен жақсы ойлау.

Уақытты бағалап, жастық шақта болашағыңызды жасап үлгеріңіз. Тек ізденіс пен бейнеттің артында ғана зейнет жататынын есте сақтаңыз.

qazaqtimes.com

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: