Император қайран қалды

Император қайран қалды

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Абдуллаһ бин Хузафе және оның сексеге жуық жолдасы Византиялықтарға тұтқынға түседі. Оларға император тарапынан діндеріңнен қайтыңдар деп қатты қысым жасалады. Әсіресе Абдуллаһ бин Хузафені қатты қинайды. Бірақ Абдуллаһ бин Хузафе өз дінінен қайтпайтынын айтып, табан тіреп тұрып алады. Император:

–Діндеріңнен қайтпасаңдар қазанға қайнатып өлтіремін, – деді. Мұсылмандар діндерінен қайпайтындықтарын айтады.

Қазанға май құйып, астына от жағып, бір тұтқын мұсылманды әкеліп:

–Дініңнен қайт! – деп соңғы рет ескертеді. Сонда мұсылман оларға қарап күліп тұрып:

–Дәл қазір шаһиттерге уәде етілген зәулім үйлер көз алдымда тұр. Әттең жаным көп болғанда, жұмақта көп зәулім үйлерге қауышар едім, – дейді. Мұны естіген Византиялықтар ол мұсылманды қайнап тұрған қазанға тастайды.

Хазіреті Абдуллаһқа (р.а.) да дәл солай:

–Дініңнен қайт деп соңғы рет ескерткенде, «жоқ» деп жауап қайырған хазіреті Абдуллаһтың (р.а.) да қазанға тасталуы әмір етілді. Қазанға тастауға алып бара жатқанда хазіреті Абдуллаһ (р.а.) өксіп жылайды. Мұны көрген император оны алдына алып келуін бұйырады. Императордың алдына келген хазіреті Абдуллаһ былай дейді:

«Мені осындай хәлге түскенім үшін жылап тұр деп ойлама. Олай емес. Менің Алла жолында құрбан ететін жалғыз ғана жаным бар. Шынымның санындай көп жаным болғанда, барлығын қуана-қуана Алла жолында құрбан етер едім...» – дейді.

Мұндай күшті иманнан әсерленген император, бір сылтау тауып хазіреті Абдуллаһты (р.а.) бостандыққа жібергісі келеді.

–Менің басымнан сүйсең бостандыққа жіберемін.

–Жоқ!

–Дініңнен қайтып, менің қызыма үйленсең, мал-мүлкімнің жартысын саған беремін.

–Жоқ... Жоқ!

–Басымнан сүйсең сені қасыңдағы 80 жолдасыңмен қосып бостандыққа жіберемін.

Хазіреті Абдуллаһ (р.а.) императордың бұл ұсынысына келісіп, императордың басынан сүйеді де 80 жолдасын алып Мәдинаға қайтады. Оларды Мәдинадағы сахбалар құшақ жая қарсы алады. Хазіреті Омар (р.а.) сахабаларға қарап: «Барлығың Абдуллаһтың (р.а.) басынан сүйіңдер» – дейді.

Хазіреті Омар өзі бастап артынан бүкіл мұсылмандар хазіреті Абдуллаһтың басынан сүйеді...

Абдуллаһ бин Хузафе хазіреті Османның (р.а.) дәуірінде Мысырда қайтыс болады. 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: