Жәһәннам – дінсіздер мен имансыздардың мекені

Жәһәннам – дінсіздер мен имансыздардың мекені

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сырат көпірінен өте алмаған пенделердің тозақ отына лақтырылатындығы белгілі. Мәселе солай болғандықтан жәһәннәм ‑ кәпірлер мен мүшріктердің және мунафиқтардың мәңгілік азап шегетін мекені. Ал күнәһар мұсылмандар істеген күнәларінің деңгейіне қарай жәһәннамда соның жазасын тартып, жүрегіндегі әдепті иманының арқасында соңында жәннәтқа барады.

Құранда жәһәннамның түрлі есімдері мен дәрежелері кел- тіріледі. Мысалы, Нар (от), Хауия (түскендердің көпшілігі қайтпайтын жер), Сайр (лаулаған от пен жалын), Лазза (түтінсіз от), Сакар (от), Хутама (қып-қызыл қарыған от) деген тәрізді атаулар кездеседі. Бұлардың әрбірі тозақтың түрлерін білдіреді.

Жәһәннамның қандай екендігі, имансыздардың онда қалай жазаланатындығы Құранда жан‑жақты кеңінен баяндалған. Тозақтың отыны адамдар мен тастардан құралған. Жәһәннәм азабын тартып жатқандардың ішетіндері – ыстық қайнаған су мен қан аралас ірің.

Тозақ олар үшін бейне бір зындандай болып, олардың дене бітімдері жанып біткен сайын ет пен тері қайта кигізіліп, мәңгілік азап шегеді. Осылайша Алланың әмірі мен тыйымдарына қарсы келгендердің жазасы адам айтқысыз ауыр болады. Егер жәһәннәм азабы болмаса, өмірдегі жақсы мен жаманның, халал мен харамның, ақ пен қараның, күнә мен сауаптың пәлендей маңыздылығы да болмай, адамзаттың жаратылысының да ешбір мәнісі қалмас еді.

Әркім өз білгенін істеп, күшті әлсізді езіп, бейбіт қоғам құру мен өмір сүру еркіндігі мүлдем шектеліп, адамдық қасиеттен жұрдай болып, қадір-қасиеттен айрылар едік. Сондықтан Алла адамның мәртебесін өлшеу үшін тозақ пен пейішті жаратты. Бұл қай тұрғыдан алсақ та әділеттің ақ туындай Жаратушының бізге берген баға жетпес сыйы екендігін ұмытпауымыз керек.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: