Дажжалдың шығу себебі мен оның мінген есегінің ерекшелігі

Дажжалдың шығу себебі мен оның мінген есегінің ерекшелігі

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Хадистердегі белгілері бойынша, Дажжал – ірі денелі, тепсе темір үзетіндей еңгезердей адам. Жоғарыда бір хадисте Дажжалдың шіркеу ішінде аяқ-қолы шынжырлаулы екендігін айтып өттік.

Сонымен қатар хадистерде Дажжалдың мінген есегінің өте үлкен хайуан екендігі айтылады: «Дажжал дін әлсіреген кезде, дін іліміне ат үсті қаралған кезде шығады.

Дажжал қырық күн жер бетін шарлайды. Қырық күннің бір күні бір жылдай, бір күні бір айдай, бір күні бір аптадай, қалған күндері жай күндердей болады. Дажжалдың мінген есегі бар. Есектің екі құлағының арасы қырық құлаш. Дажжал адамдарға:

- Мен сендердің Раббыларыңмын, - деп жар салады. Негізінде оның көзі соқыр. Раббымыз болса, соқыр емес. Дажжалдың екі көзінің арасында «кәпір» деп жазылған. Ол жазуды әрбір мумин оқи алады. Дажжал әрбір су ішілетін жерге барады. Бірақ Мәдинаға бара алмайды» (Ахмед ибн Ханбал риуаяты).

Дажжалдың сипаты мен оның есегі жайындағы хадистер негізінен астарлы ұғымда айтылады. Оның шынайы мағынасы мынадай деп нақты тәпсірлей алмаймыз. Мысалы, Дажжалдың бір күні бір айға тең болады дейді.

Ал бүгінгі техногендік заманда бір айлық жолды ұшақпен бірнеше сағатта еңсеріп алуға болады. Сол сияқты оның да бір күні бір айлық уақытқа осылай сәйкес келуі мүмкін. Бұл әрине, пайымдаудың бір ғана қыры, негізгі мағынасы бір Аллаһқа белгілі.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: