Индонезияда 2020 жылы 100 эко-мешіт салынады. Бұл туралы республиканың вице-президенті Юсуф Калла мәлімдеді.
Бұл мешіттер табиғатқа еш нұқсан келтірілмей алынған материалдардан тұрғызылып, энергия және су үнемдеуші техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Вице-президенттің мәлімдеуінше, бұл жоба мемлекеттік қолдауымен, ислами діни ұйымдар және жеке секторлардың бірлесуімен жүзеге асырылады.
Мәселен, Индонезияның Ғұламалар кеңесінде экологиялық технологияларды жетілдіру және мұсылман елдерінің өркендеу жолдарын зерттейтін Қоршаған орта және табиғи ресурстар департаменті бар. Еске сала кетсек, Индонезия әлем бойынша мұсылман халқы ең көп шоғырланған ел саналады. Қазіргі уақытта елде 250 миллион мұсылман бар.
Kazislam.kz
“Һуд” сүресінің 61-аятында былай дейді: هُوَ أَنشَأَكُمْ مِنْ الْأَرْضِ وَاسْتَعْمَرَكُمْ فِيهَا
«Ол, сендерді жерден таратып әрі онда өмір сүргізді»