САУД АРАБИЯСЫНДА АЯЗДЫ КҮНДЕР БАСТАЛМАҚ

САУД АРАБИЯСЫНДА АЯЗДЫ КҮНДЕР БАСТАЛМАҚ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Алда келе жатқан қыс айлары Сауд Арабиясында биылғы жылы басқаша болмақ. Әдетте қысы құрғақ әрі жылы болып келетін араб даласында биыл термометр тілшігі 5 градусқа дейін төмендемек.

Метерологиялық қызмет басқармасының Твитер желісіндегі жазбасына сүйенсек, қатты суық елдің солтүстік өңірлерінде орын алатын көрінеді.

Айта кетейік, қазіргі кезде Сауд Арабиясында толассыз нөсер жауып тұр. Елдегі екінші ірі қала Жидда мен Джизан, Хаиль секілді шаһарларды су басқан.

Ал, былтырғы жылы саудиялықтар үшін таңғажайып құбылыс болып қар жауған еді. 

Muslim.kz


«Фатыр» сүресінің 9-аятында: «Ол сондай Алла, желдерді жіберіп, сонда ол; Бұлтты қозғап, оны өлі бір жерге айдаймыз. Және жаңбыр арқылы жансыз қалған жерді қайта жандандырамыз. Өліктің тірілуі де осы сияқты».

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: