Хазіреті Әлидің ұлы Хусейін (Алла ол екеуіне разы болсын) анасымен бір дастарқанда отырмайды екен. Бір күні мұны байқап қалған қырағы достары одан: – Хусейін, расында, сен арамыздағы ең қайрымды адамсың.
Солай бола тұра анаңмен бір дастарқанда отырмайсың. Мұның сыры неде? – деп сұрайды. Хусейн оларға ақырын ғана: – Анашымның көзі бір тағамға түсіп, мұны байқамай анамнан бұрын мен алып, оның көңілін қалдырып қояюдан қорқамын. Сол үшін анаммен бір дастарқан басында отырмаймын, – деп жауап беріпті.
Бұл әңгіме, хазіреті Әлидің ұлы Хусейіннің қаншалықты тақуа болғандығын көрсетеді. Ол да әкесі хазіреті Әли сияқты дана әрі тақуа еді. Хусейн Алланың мейірімінен үміт етіп, кез-келген амалды артығымен орындай білген сахаба.
Байқамай анасының көңілін қалдырудан қорқып, осынша сақтықпен қараған сахаба, міне, хазіреті Хусейн. Ол Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) тікелей өзінен тәрбие көрген тұлға. Түйін: Тақуалыққа ұмтылу – әр бірімізге міндет.
Жалғас САДУАХАСҰЛЫ