Ислам сенімі бойынша пайғамбар – адамдардың арасынан таңдалатын, зерек, сұңғыла, Алладан рухани күш алатын ерекше жан болып табылады. Пайғамбардың адам болмыстылығы мына аяттарда келтірілген: َ
«...Мен періштемін демеймін», «Əрине, біз сендер сияқты адам баласымыз» т.б.
Пайғамбардың адам кейпінде келуін мойындамағандар да болған. Олардың ойынша пайғамбарлар періште бейнесінде келсе, əлдеқайда сенімдірек болмақ еді. Алайда, Құранға салсақ: ِر َسال َ ت َی ْجَعل ُه َ َحْیث ُ ُ أ َ ْعل االله ُمَ ُ «Алла елшілік міндетін кімге беретінін өте жақсы біледі».
Əрине, егер Хақ тағала қаласа, кез келген болмыстан пайғамбар жібере алатындығы даусыз. Бұл тұста пайғамбардың адамдардың арасынан таңдалуының өзіндік мəні жоқ емес.
Өйткені пайғамбар адам болған жағдайда ол қарапайым жұртшылықтың жай-күйін, ой-санасын, қабілеті қарымын, ішкі қалауын əрі табиғи қажеттіліктерін жақсы біледі. Əрі бұқараға жаратылысы мүлдем бөлек періштеден гөрі өздері сияқты қарапайым адамнан үлгі алу əлдеқайда жеңіл болмақ еді.