Хазіреті Әбу Бәкірдің кебені

Хазіреті Әбу Бәкірдің кебені

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Билал Хабеши хазіреттері Расулаллаһтың қайтыс болуынан біраз уақыт өткен соң мұсылмандардың анасы Айша (р.а.) анамыздың үйіне барып, есігін қағады. Сонда Айша (р.а.) Сыддық анамыздың іштен жылап тұрып:

– Айырылыс отымен жанып тұрған жүректің есігін қаққан кім? – деген даусын естиді.

–Расулаллаһтың қызметшісі Билалмын... Хәліңіз қалай?

–Ей, Билал! Судан ұзақта қалған балықтың халі қалай болушы еді? Бүгін түнде Расулаллаһты түсімде көрдім, періштелермен жүр. Қайда бара жатқанын сұрадым. Әкемнің рухын күтіп алуға бара жатқандығын айтты.

Хазіреті Билал дереу Әбу Бәкір Сыддықтың (р.а.) қасына барып, Айша анамыздың түсін айтып береді. Хазіреті Әбу Бәкір оған:

–Алла Тағаланың атымен ант етемін, мені бір рет тағы көріп қалсын.

Айша анамыз әкесін қарсы алып:

–Әкешім, Саған керек болар деп таза кебін алып келдім.

–Қызым, ол кебінді қоя тұр. Мұсылман болған күнімдегі киімімді маған кебін қылыңдар! Өйткені, көп уақыттарымды Алла сүйіспеншілігінің берген қорқуымен жылап, көз жасымды сол киімге сүртетін едім. Алла Тағала сол көз жастарымның құрметіне бәлкім маған мейірім етер.

Хазіреті Әбу Бәкір (р.а.) сол түні қайтыс болды.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: