Шайтаннан сақтану үшін айтуға шайтанның өзі ақыл берген дұға

Шайтаннан сақтану үшін айтуға шайтанның өзі ақыл берген дұға

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

 «Әл-Бақара» сүресінің 255 аяты - Аятул Күрсі Қасиетті Құранның ең ұлы да құнды аяты:

Аузу билляхи минашшайтанир раджиим

Бисмилляхир рахман иррахиим

 Аллаһу лә иләһә иллә һууәл хәййул қаййуум [жим]

 лә тә'хуз̃уһу синәтуу уәлә нәум [жим]

ллаһу мә фиис сәмәуәти уәмә фиил әрд [қалә]

мән з̃әл ләз̃ии йәшфәъу ъиндәһу иллә бииз̃ниһ [жим]

 йәъләму мә бәйнә әйдииһим уәмә халфәһум [cалә]

уәлә йухиитуунә бишәйим мин ъилмиһи иллә бимә шә [жим]

уәсиъа курсиййуһус сәмәуәти уәләрда [cалә]

уәлә йәуудуһу хифзуһумә [жим]

уәһууәл ъалиййул ъазиим

«Алла (Т.), Одан басқа еш тәңір жоқ. Ол тірі, толық меңгеріп тұрушы, Ол қалғымайды да ұйықтамайды. Көктердегі және жердегі нәрселер Оған тән. Оның құзырында өзінің рұқсатынсыз кім шапағат етеді? Олардың алдарындағыны да, арттарындағыны да біледі. Олар, Оның қалауынан басқа еш нәрсе білмейді. Оның күрсісі (білімі) көктер мен жерді сыйдырады. Оған, ол екеуін қорғау ауыр келмейді. Және Ол, өте биік, аса зор».

Аталмыш аяттың ұлылығы мен қасиеті туралы ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқан: «Сөздің мырзасы - Құран, Құранның мырзасы - Бақара сүресі, Бақара сүресінің мырзасы Аятул Күрсі болып табылады».

 «Асылында, әрбір нәрсенің шыңы бар, Құранның шыңы - әл-Бақара сүресі, осы сүреде Құрандағы барлық аяттардың шыңы болып табылатын аят — Аятул Күрсі бар» (Тирмизи).

«Аятул Күрсі барлық Құранның  ширегіне тең» (Ахмад).

Аталмыш аяттың үлкен қасиеттерінің бірі – барлық жамандық атаулыдан және шайтаннан қорғауы. Тіпті шайтанның өзі осы дұға одан қорғанудың ең мықтысы болып табылатындығын айтқан.  

Осыған дәлел ретінде екі хадис келтірілген:

1. Зекеттен жиналған дүниелерді қорғап жүрген Әбу Хурайра (оған Алла разы болсын) бір күні ұрлықшыны ұстап алады, ұрлықшы оған былай айтады: «Мені жіберсең, Алла саған пайдалы ететін сөздерге үйретемін!»

Әбу Хурайра:  «Бұл не сөздер?», - деп сұрайды.

Ұрлықшы былай айтады: «Ұйқыға жатарда басынан аяғына дейін Аятул Күрсіні айт, сонда сенің қасыңда үнемі Алланың қорғаушысы болады да таң атқанша саған шайтан жолай алматын болады!»

Осы оқиғадан кейін Әбу Хурайра мұны Пайғамбарымызға (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтып береді, сонда оған берілген жауап мынадай болады: «Барып тұрған өтірікші болса да ол расымен саған шындықты айтқан екен!» Осыны айтып Пағамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Әбу Хурайраға ұрлықшы болған адам кейпіндегі шайтан», - деп айтады (Бұхари).

2. Убайя ибн Ка’ба келтірген, күндердің күнінде оның құрмасы азайып кетеді де ол түнде оны күзетпек болады. Сонда ол жасөспірімдей біреуді көреді де онымен амандасып, былай сұрайды:

 «Сен жынсың ба әлде адамсың ба?!»

Анау: «Мен жынмын», - деп жауап береді.

Убай оған: «Маған қолыңды берші», - дейді. Оның қолының иттің табанына ұқсас әрі иттің жүніндей жүні бар екенін байқайды.

Сонда Убай: «Жындар осылай жаратылған ба?!»

Анау: «Жындардың арасында менен артық мықты жоқ екенін олр біледі»,  - дейді.

Убай былай сұрайды: «Мұнда неге келдің?»

Анау: «Сені садақа жасағанды жақсы көреді деп естідік, сондықтан сенен азық алуға келдік».

Убай сұрайды: «Сендерден бізді не қорғайды?»

Сонды жын былай жауап берген екен: «Әл-Бақара» сүресіндегі Аятул Күрсі». Кімде-кім бұл аятты таңерең оқыса, кеш батқанша бізден қорғанады, ал оны кешке оқыған адам, бізден таң атқанша қорғаныста   болады».

Таң атқанда Убай Пайғамбарымызға (оған Аланың салауаты мен сәлемі  келіп, келіп, көрген-білгенін айтып береді, сонда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқан екен: «Жексұрын болса да ол ақиқатын айтқан екен!» (Насаи).

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: