Йемен Республикасы (өзд. аталуы әл-Жумхурия әл-Йамания) – Арабия түбегінің Оңтүстік және Оңтүстік-батыс бөлігінде орналасқан мемлекет. 1990 жылы 22 мамырда Йемен Араб Республикасы мен Йемен Халық Демократиялық Республикасының ерікті түрде бірігуі нәтижесінде құрылды. Жер аумағы 532 мың км2 шамасында. Халқы – 17 млн.
Тұрғындары, негізінен, арабтар, одан басқа үнділер, пәкстандықтар, эфиоптар, сомалиліктер, еврейлер тұрады. Елдің шығысы мен Солтүстік-шығысында 100 мыңнан аса көшпелі тайпалар өмір сүреді. Ресми тілі – араб тілі.
Йемен – дамушы ел. Ұлттық табыс – 12 млрд. АҚШ долл-ы шамасында, жан басына шаққанда – 340 долл. Халықтың 70%-ы ауыл шаруашылығымен айналысады және ұлттық табыстың 20%-ын береді. Өнеркәсіпте 7% халық жұмыс істеп, 12% өнім береді. Елге шет ел капиталы көп тартылған. Негізгі инвесторлар – Парсы жағалауы елдерінде тұратын Йемен эмигранттары.
asyldin.kz
Пайғамбарымыз (с.а.с.): «(Ей, Мұхаммед!) Кешірімділікті ұстан, жақсылыққа бұйыр және надандарға сырт бер».