Бір адам Мәулана Жәләладдин Румидің алдына келіп, өзінің кедейлігін айтып шағымданады. Ғұлама одан: «Егер саған, денеңнің бір мүшесін кесіп алып, орнына мың алтын ұсынса, разы болар ма едің?»,- деп сұрайды. Жаңағы кісі: «Жоқ, разы болмас едім»,- деп жауап береді.
Сол кезде Мәулана оған ойлана қарап: «Бауырым, олай болса, неге өмір қиыншылықтарын айтып шағымданасың? Ешқандай алтынның құны жетпейтін осыншама мүшелерің орнында, денің сау бола тұра, соларды саған тегін берген Алла Тағалаға шүкіршілік етудің орнына «кедеймін» деп мұң шағу дұрыс па екен?!» деп төмен қаратқан екен.
Алла Тағаланың «Егер құлым қолындағы ырыстың шүкірін өтесе, оның ырысын арттыра түсемін» деген сөзін ұмытпау керек.