Намазға кедергі жасайтын нәжістер: ауыр нәжіс және жеңіл нәжіс болып екіге бөлінеді. Ауыр саналғандар: егер қатты болса, төрт грамм салмағында, сұйық болса, алақан аясынан астам жерді қамтыған мөлшер иімде немесе намаз оқылатын жерде болса, намазға кедергі жасайды. Жеңілге келсек, бұл дененің яки иімнің төрттен бірінен аз мөлшері намазға кедергі жасамайды.
Ауыр ластық (нәжіс)
1. Адамның кіші, үлкен дәреті, уәди, мәзи, мәни, және ауыз толы құсық, денеден шыққан қандар, хайыз, нифас, истихада қандары.
2. Тауық, қаз, үйректің саңғырықтары.
3. Еті жеуге болмайтын хайуандардың тезектері мен лас сулары, сілекейлері және барлық жан-жануарлардың қандары.
4. Ішімдік. Киімге, денеге жұқса, тазалау қажет.
5. Арам өлген мал.
Жеңіл ластық (нәжіс)
1. Етін жеуге болатын қой, ешкі, жылқы секілді жануарлар мен жабайы аңдардың тезектері, лас сулары –
Әбу Юсуп мен Имам Мұхаммедтің көзқарасы бойынша, жеңіл ластық.
2. Етін жеуге болмайтын бүркіт, сауысқан секілді әуеде ұшқан құстардың саңғырықтары.
3. Әрбір малдың өті – сол малдың ластығы.