Тек мұсылмандар ғана білетін құпия

Тек мұсылмандар ғана білетін құпия

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

"Енді, Meні еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын" (2:152)

Егер адам жеке өмірде, қызметте және өмірдің басқа да салаларында жетістікке қол жеткізгісі келсе, онда әрбір ісі мен ниетін «Бисмиллә» сөзімен бастауы тиіс. Осынау бір құдіретті «Бисмиллә» сөзі сіздің өміріңізге адам нанғысыз өзгешелік әкелетінін көресіз. Өз істерін Алланың атымен бастау  – бұл Алла Тағаланың мұсылман баласына берген ерекше мейірімі.

Алла Тағалаға шынайы түрде сыйыныңдар. Алланың аты аталған жерден шайтан қашады, ендеше, біз «Бисмиллә» сөзін айту арқылы өз ісімізді шайтанның қастандығынан қорғаймыз. Шайтан аса қу, ол өзінің азғыруымен, айдап салуымен үнемі бізді тура жолдан тайдыруға, ойларымызды өзгертіп, жүректерімізге жат пиғылдарды ұялатуға, осылайша, адам баласы қол жеткізе алатын игіліктердің бәрінен айыруға тырысады.

Әрбір істі бастар алдында «Бисмиллә» сөзін айту, пенденің жасағалы отырған ісіне саналы түрде кірісуіне септігін тигізеді әрі осы ісінің қайырлы не болмаса қайырсыз екендігіне көзін жеткізеді. «Бисмиллә» сөзімен Алланың жаратқан құлы өзін күнә жасаудан қорғай алады.

«Бисмиллә» рақым, береке есіктерін ашып, Алланың разылығына қол жеткіздіртеді.

 Қасиетті Құранда былай айтылған: «Сондай иман келтіргендер, Алланы еске алу арқылы көңілдері жай тапқандар. Естеріңде болсын, Алланы еске алумен жүректер орнығады» (13:28).

«Енді, Meні еске алыңдар, Мен де сендерді еске аламын және Маған шүкіршілік қылыңдар да қарсы болмаңдар» (2:152).

Біздің сүйікті Пайғамбармыз Мұхаммедке (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Алла тарапынан түскен бірінші аят мынау болатын: «Сондай жаратқан Раббыңның атымен оқы!» (96:1). Осы аят «Бисмиллә» сөзінің аса маңыздылығын аша түседі. Жаратушы Жалғыз Алла Құранды түсірмей тұрып, «Бисмиллә» сөзін түсірген. Мұнда Алла Тағланың ұлы даналығы бар.  Дүниедегі ең көркем, ең қайырлы нәрсе Алланың атымен басталуы тиіс…

«Бисмилләһи р-рахманир р-рахим» дей отыра, біз Аллаға сиынамыз және егер Ол қаласа біздің ісімізге береке мен қайыр береді. Үнемі істеріңізді Алланы еске ала отырып, «Бисмиллә» сөзімен бастаңыздар әрі кемелділікке ұмтылыңыздар.

Шайтан мен жалқаулыққа өз істеріңізге қол салуға мүмкіндік бермеңіздер. Жетістікке таза, дұрыс ниетпен қол жеткізіңіздер. Алла Тағалаға шүкіршілік етіп, Оған тәуекел етіңіздер және мұны күнделікті дағдыға айналдырыңыз, сонда сізге сәттілік болады! Тек Алла Тағаланы еске алумен ғана біз осы дүниеде және ақиретте жетістікке жетеміз!

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: