Әйелді «фитна» дейді, расында солай ма?

Әйелді «фитна» дейді, расында солай ма?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бүгінгі таңда көп әйелдер бір іс бола қалса, оған кінәлі дереу әйел болып шыға келеді деп наразы. Расында нәзік жанды жаратылыс барлығына кінәлі ме? Әлде біз тек әйелге кінә тағуға әуеспіз бе?

Ерлі-зайыптылардың арасындағы  тең ақылыр екеуіне де ортақ, алма – кезек негізінде бекиді және ол екуі сол нәрседе тең болмақ, тіпті жаңағы ақылардың бәрін бірдей орындамаса да! Егер әйел өзінің күйеуіне іс істеген болса, ерінің де әйеліне сондай бір іс ісеуі тиіс болады. Тіпті дәл сол істің өзін істемесе де соның ұқсасын жасайды. 

Ибн   Аббас: «Әйелдерге жақсы мәміле, жақсы қарау міндет болғаны сияқты, олар да ерлеріне бағынуға міндетті» деген. 

Ерлі –зайыптылардың арасындағы тең құқықтар жалпы,не жеке болсын алма-кезек сипатта бола береді. Мысалы, жақсы қарым- қатынас, өзара сыйластық, жұмсақ мәміле сияқты жалпы әдептер жатады.

Ер адамның нағыз еркектік қасиеттерінің болуы әйел адамға байланысты. Негізінде, ер адам үшін асыл жарының көріктілігі, ақылдылығы, сымбаттылығы, табысы маңызды емес. Оның қасында ол өзін қалай сезінеді, сол маңызды. Әйел шариғатқа сай  инабатты, иманды болып, ерінің айтқаның тыңдап, мүлтіксіз орындаса – күйеуінің даналығы арта түседі. Ал, керісінше әйелі ерін өзіне бағындыруға тырысып, сөзіне құлақ аспаса, күйеуі де оған қырқысып, оны нақты ісімен де көрсетеді.

Егер әйелзаты үйін таза ұстап, еріне жұмыстан кейін демалуға қолайлы жағдай жасаса, ер адамның есте сақтау, ойлау қабілеті, пихикасының қызметі, тіпті, қоғамдағы рөлі де жақсара түседі. Егер әйел күйеуіне үй шаруасымен маза бермесе, ер адамның жұмысына қиындықтар туындауы да мүмкін. Әйел еріне әдепті, сыпайы сөйлесе, күйеуінің де сөйлеуі соған сәйкес болады. Егер сіз оған дөрекі, ренжи сөйлесеңіз, оның да сөзі қатқыл, қысқа әрі дөрекі келеді. Расында, әйел кісі көптеген қабілеттерге ие. Олардың арасында өте талапты жандар көп. Ол қоғамды құрайтын ұрпақтарды тәрбиелеумен  айналысып, өз міндетін атқарар болса, бүкіл үмметті аяққа тұрғыза  алады.

 Ислам әйелдерді құрметтеп, үйінде атқаратын ұлы жұмыс жүктеді. Бұл – балаларын  жақсы тәрбиелеу. Кім біледі, әйел тәрбиелеп жатқан бұл бала үшін үлкен болашақ бар шығар. Мүмкін ол мемлекет басшысы немесе әскери басшы әлде қоғамды жақсартуға қатысы бар үлкен бір жұмысқа тұратын шығар. Сол үшін бір данышпан: «Бесік тербетіп тұрған әйел бүкіл әлемді тербетіп тұрғандай» деген. Және бір ақын: «Ана – мектеп, егер оны жақсы дайындасаң, нәсілі таза халықты дайындаған боласың» дейді. Демек, әйелдің үйіндегі жұмысы өте маңызды болып табылады. Сондай-ақ, бұл тәрбие берудің негізі әйелдің табиғатында бар және ол мұны жақсы көреді.

Әуелі сүйікті  жұбайыңа жұмсақ мінез танытып, я жанжалдың тууы тек әйел кісіден ғана емес екі жақтан да болады. Сол үшін  әрдайым көркем мәміледе болу керек. Өйткені әйел – ер азаматтың өмірлік адал жары, кеңескер қабырғасы, қуанышта да, қайғыда да қасынан  табылатын сүйеніш  досы. Ата – бабамыз «әйел  бір қолымен бесік тербетсе, екінші қолымен дүниені,  әлемді тербеткен» абзал жан, асыл ана деп бағалаған. Ерлердің әйелдеріне қатысты хақылары болғандай, әйелдердің де ерлерінің  алдында  хақылары бар. Ендеше, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) түсіндіргендей екі жақ бір-бірлерінің алдындағы міндеттерді орындаулары керек.

Жақсы әйел күйеуінің сырын сақтауы және оны таратпауы тиіс. Сонымен қатар, күйеуін  ренжітіп мұнайтатын әрекеттер мен қылықтардан бойын аулақ ұстап, үй шаруасы мен  тамақтың уақытында әзір болуын  жіті қадағалауы маңызды. Ал әйелдің ері  алдыңдағы міндеті отбасы шаруаларымен айналысып, бала – шағасын  тәрбиелеу, күйеуіне мойынсұну. Ерлі-  зайыптылар  мүмкіндігінше өз міндеттерін толық орындауы тиіс. Бірақ, ер адам өз  отбасына «қаражат тауып әкелемін» деп бала – шағасына уақыт бөлмей апталап, айлап «жұмыс, жұмыс» деп кетіп қалуына да тағы болмайды. Әйеліне жұбайлық, балаларына әкелік міндетін атқарып, ыстық мейірімін сездіруі қажет.

Ерлі –зайыптылар өзара жақсы қарым–қатынаста болып, бірін – бірі сыйлағаны дұрыс. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бір хадисінде: «Сендердің ең ізгілерің әйелдеріңе жақсы қарым – қытынаста болғандарың», - деп ер азаматтарға құлаққағыс етеді. Әйел – анаң. Сондықтан, өз анаңды қалай құрметтесең жұбайына солай қарауға міндеттісің. 

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Жәннат аналардың аяғының астында» деген. Яғни жұмаққа кіргіміз келсе әркім өз анасын, әйелін сыйлап, құрметтеуі қажет. «Үйлену оңай, үй болу қиын» - демекші бүгінгі күнде ажырасқан отбасылар қатары көбейіп келеді. «Бір – бірімізді шын сүйдік» деп шаңырақ көтерген екі жастың арасына жік түсіп, бір біріне деген ыстық сезімдері жоғалып, шаңырақтың шайқалуы көбінесе ер мен әйелдің бір – бірінің алдындағы міндеттерінің орындалмауында.

Олай болса, аталмыш мақаламызда ер мен әйелге қатысты аят– хадисте келген міндеттердің ең маңыздысы мен негізгілерін назарларыңызға ұсынуды жөн көрдік. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Ерлердің әйелдеріндегі хақылары сияқты, әйелдердің де ерлеріне белгілі хақылары бар» - деп айтқан. Біреулер әйелді сұлулығына қарап таңдаса, енді біреулері оның байлығына қарай таңдайды. Ал кейбіреулер әйелдің ел арасындағы атақ – даңқына мән береді. Ал, енді бірі әйелдің  діні мен тақуалығына және мінез-құлқын, парасатын бағалайды.  Дініміздің талабы да таңдаудың осы соңғы түрі. Алланың Елшісі: «Үйленген кісі әйелді төрт сипатқа қарай таңдайды: көркі үшін, малы үшін, атағы үшін және діні үшін. Соның ішінде қайырлысы – діндар болғаны» деген.

Ғайырфулла ӘМІРБЕКОВ,

Жамбыл ауданының бас имамы

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: