Оттава полициясы қатардағы офицерлердің бірінен түскен жолдауға байланысты мұсылман келіншек қызметкерлеріне нысанды хижаб кию мүмкіндігін қарастыруда.
Оттава полициясындағы жалғыз мұсылман келіншек Констебль Лайла Шибли басқармаға жас мұсылман қыздарын құқық қорғау органдарына қызметке тарту үшін, қызметкрлерге арнайы хижаб кию мүмкіндігін қарастыруды ұсынған екен.
Полиция бастығы Чарльз Бордело әлеуметтік желіге офицерлердің арнайы киіміне хижабты енгізу турасында ойлануы тиіс екендігін жазған.
«Егер біз хижаб киетін мұсылман қыз-келіншектерін полиция офицері ретінде қызметке қабылдауға келісеміз деп ашық айтпайтын болсақ, онда адамдар бұл олар үшін кедергі болар деп ойлайды», - деп атап өткен болатын полиция бастығы.
Констебль Шиблидің айтуына қарағанда, ол бастығынан осындай жылдам жауап алармын деп күтпеген екен, оның қуанышында шек жоқ көрінеді.
Құрандағы: «Ауырсам, Ол (Алла) маған шипа береді» («Шұғара» сүресі, 80-аят)