Сауд Арабиясы дәстүрлі дінге оралады

Сауд Арабиясы дәстүрлі дінге оралады

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Сауд Арабиясы радикализмнің алдын алу үшін саяси қайта құрылымдау реформасын қолға алады. Мұрагер ханзада әрі елдің қорғаныс министрі, вице-премьер Мұхаммед бин Салманның өзі дәстүрлі исламға оралатындарын жария етті. Бұл жайында "әл-Арабия" ақпарат көзі хабар таратты.

"Біз бұрынғы қалпымызға қайта ораламыз - дәстүрлі исламға. Біз экстремистік идеяға тағы 30 жылымызды сарп етпейтін боламыз, біз оны жоямыз",- деп мәлімдеді ол.

Айта кетейік, 1992 жылы қабылданған конституцияға (осы елдің негізгі низамы) сәйкес Сауд арабиясының діні - ислам, конституциясы - Құран мен Сүннет болып бекітілген. 

islam.kz


Алла Тағала Құранда: «Біз сендерді аздаған қауіп-қатермен, аштықпен және мал-мүліктеріңнен, (жақын) жандарыңнан, өнімдеріңнен айыру арқылы сынаймыз...» («Бақара» сүресі, 155-аят)

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: