1. Жүніп болған ер мен әйелдің, хайыз бен нифастағы әйелдің намаз оқуы харам.
2. Қағбаны тауап ете алмайды.
3. Зәру жағдай болмаса, мешітке кіруге болмайды.
4. Хайыз бен нифас кезінде әйел адамның ораза ұстауына болмайды.
5. Құранның бір аятын да оқи алмайды. Хазіреті Айша Пайғамбарымыздың жүніп кезінде Құран оқымағанын айтады. Бірақ дұға ниетімен Құрандағы дұғаларды оқи алады. «Шәһадат» сөзін айтуға, тәкбір, салауат, зікір етуге болады. Әсіресе, нифас не хайыз мерзімі аяқталғанға дейін әйелдер намаз оқи алмағандықтан жиі-жиі дұға, салауат, зікір оқығаны абзал. Өйткені, жүніп, нифас, хайыз – адам бойындағы рухани ластық.
Мұндай кездері адамды жындар иектегіш келеді. Әсіресе, жаңа босанған әйелдерге қауіпті. Жаңа туылған сәбилерге де абай болған жөн. Лас жындардың жабысатын уақыттары осындай кезеңдер. Сол себепті, жүніп болған адамдар тезірек ғұсыл алуға асығуы керек.
6. Құранды ұстай алмайды. Бірақ Құранды қабымен яки орамамен ұстауына болады.