Шырақтың жарығы

Шырақтың жарығы

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Баязид Бистами хазірет бір түні бірнеше шәкірттерімен бір адамның үйінде қонақ болады. Үй иесі үйдің жарық болуы үшін бір шырақ жағады. Баязид Бистами үй иесінен былай деп сұрайды:

–       Мына шырақ жанып тұр, бірақ жарық бермей тұр. Мұның хикметі не болды екен?

–       Ұстаз, біз бұл шырақты бір түн қолдану үшін көршіден аманатқа алған едік. Сіздер қонаққа келген соң бүгін екінші түн қолданып отырмыз, білкім, содан болар.

Баязид Бистами хазіреттері шырақты өшіріп:

–       Шырақты иесіне қайтарып беріңдер. Егер оларға керек емес болса, бір түн тағы қолдана тұруға рұқсат сұраңдар! – дейді.

Үй иесі шырақты көршісіне алып барып, болғандарды айтып, шырақты тағы бір түн қолдануға рұқсат алады. Үйге келіп, шырақты қайта жағады. Бұл жолы бөлме өте жақсы жарықтанды. Баязид Бистами хазірет:

–       Міне, енді жарықты көріп тұрмын, – дейді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: