Дүниенің сұлтаны Мұхаммед (с.а.у.) Хирадағы муғжизадан соң Алла тарапынан жүктелген қасиетті елшілік міндетін қабылдады. Ендігі жерде осынау ұлы ҽрі ауыр қызметтің талаптарын орындауға тиіс.
Өзі өмір сүріп отырған ортада мұның оңай бола қоймасы анық еді. Ол кезеңде Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) жалғыз өзі – бір бөлек, күллі дүниеден мүлдем алыста. Ол қалайда Алладан алған өмір бойынша адамдарды жақсылыққа, иманға шақыруға тиіс.
Алланың Расулы ақырзаманға дейін адамзатқа нұр шуағын төгетін асыл қызметіне қалай, қай жерден кірісу қажеттігін нақты жобалап алды. Маңызды мҽселені ең алдымен жан жары – Хазіреті Хадишаға ашып, сырласты.
Хазіреті Хадиша еш күмҽнсіз, бір ауыз сөзге келместен мойынсұнды да, жер бетіндегі тұңғыш мұсылман болу құрметін иеленді…
Расулаллаh Жебірейілден үйренгені бойынша Хазіреті Хадишаға дәрет алуды үйретті. Іле-шала періштенің көрсеткеніндей, өзі имам болып, зайыбына екі рәкат намаз қылдырды. Бұл – пайғамбарымыздың имам ретінде оқытқан тұңғыш намазы, ол дүйсенбінің кешіне сҽйкес келген.