Шу аудандық "Төле би" мешітінің бас имамы А.Дыбысұлы Бірлік ауылындағы жаңа ашылған мешітте ауданға қарасты ауылдық мешіттерінің имам-молдаларымен бас қосып, алқалы жиын өткізді.
Жиналыстың негізгі мақсаты – ауыл молдаларының атқарып жатқан жұмыстарымен танысып, ҚМДБ-ның бекітіп берген төрт бағыты және Өкілдіктен келіп түскен тапсырмаларды дер кезінде орындау.
Аталмыш жиында, Бірлік мешітінің ашылуына арнайы ат басын бұрып келген, облыстық "Һибатулла Тарази" мешітінің найб имамы Е.Аманбаев ауыл молдаларына қазан айының 17-ші жұлдызы өтетін "Һибатулла Тарази" медресесіндегі молдалардың 1 күндік білімдерін жетілдіру оқу-семинарына сәлде шапандарымен келуін және өзіне тиесілі жұмыстарын тиянақты орындауларын тілге тиек етті.
Жиын соңында ауыл молдалары көкейде жүрген өзекті мәселелерді қозғап, ұсыныстарын айтты.
Шу аудандық "Төле би" мешітінің баспасөз қызметі