Күллі әлемнің ардақтысы, адамзаттың сүйіктісі пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) қай-қай мұсылман пенденің болсын жүрегінде ерекше орынға ие. Ал оған деген сүйіспеншілік қандай болуы керек және оның жауабы бар ма, деген сауал сіз бен біз білуге тиісті дүние.
Осыған орай, "Һибатулла Тарази" мешітінде ҚМДБ-ның Қыздар-әйелдер секторының ұйымдастыруымен кезекті сенбілік уағыз өтті.
Насихатты осы мешіттің ұстазы Гүлжан Алдасаева жүргізді. Адамзаттың асыл тәжі (с.ғ.с.) туралы жүрек елжітер деректер айтып, оған деген сүйіспеншілік мәселесіне тоқталып өткен ұстаз жамағаттың сұрақтарына да жауап берді.
Еркін әрі әсерлі өткен жиын көптің жүрегіндегі пайғамбарға деген махаббаты арттырған-ды.
Ақерке БЕКҚҰЛОВА,
"Һибатулла Тарази" мешітінің баспасөз қызметі.