Ел басқарған халифалығы кезінде Куфа қаласында хазірет Әлидің (р.а.) шапаны жоғалды. Аз уақыт өтер- өтпес әлгі шапан бір христианның қолынан табылды. Әли әлгі христианды ерткен күйі қазыға жүгінді.
Қазы: – Мына халифаның айтқанына не дейсің? – деп христианға қарады. Ол болса халифа Әлиді жалақорға жатқызбайтынын, алайда шапанның өзінікі екенін айт- ты. Қазы бұл жолы Әлиге бұрылып: – Мына кісі бұл өз шапаным деп тұр. Ал бұған сенің куәгерлерің бар ма? – деп сұрады.
Хазірет Әли күлген қалпы: – Қазы дұрыс айтады, дәл қазір менде куәгерлер болу керек еді. Бірақ ешқандай куәгерім жоқ, – деді. Куәгерлер болмағандығына сүйенген қазы хазірет Әлиді христианға жығып берді. Алайда шынтуайтында шапанның кімдікі екенін білгендіктен ішкі ар-ұяты жібермеген христиан сәлден кейін қайта бұрылып келіп, былай деді: – Мұндай үкім шығару, сірә, адамдарға қатысты емес, пайғамбар әкелген үкіметтік жүйеге тікелей қатысты болса керек.
Негізі, мына шапан Әлидікі еді, – деп шапанды хазірет Әлидің өзіне қайтарды. Сөйтті де аз уақыттан кейін-ақ мұсылмандықты қабылдады. Кейіннен хазірет Әли бастаған «Нехри- ван» шайқасында ол дұшпандарға қарсы жан аямай соғысқан.