Алла періштелерге адамдарды қоршап тұруға бұйырады...

Алла періштелерге адамдарды қоршап тұруға бұйырады...

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Мұхаммед бин Фазил Даххактан келтіргенін Факих (оған Алланың рақымы болсын) былай жеткізген: «Шындығында, Алла көк мекендеушілеріне жерге түсіп, адамдарды қоршап тұруға бұйырады».

Осыдан кейін екінші көктің мекендеушілері түседі. Сосын — үшінші, төртінші көктегілер түседі. Осылайша, жеті көктің періштелері түседі. Олар сап түзеп тұрады. Адамдар оларға жақындай алмайды. Алла Тағала Қасиетті Құранда былай айтқан:

«Әй, жын мен адамзат тобы! Көктер мен жердің шектерінен өтуге шамаларың келсе, өтіңдер. Өте алмайсыңдар! Бірақ бір қуатпен өте аласыңдар» (55:33).

Сондай-ақ, Алла: «Ол күні, аспан бұлттарша жарылып, періштелер жалғасты түрде түсіріледі» дейді (25:25).

Әбу Хурайра Алла Елшісінің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай айтқанын келтірген:  «Шындығында, Алла былай айтқан: «Уа, адамдар мен жындар! Мен сендерге бағыт көрсеттім, сендердің амалдарың амалдар Кітабына жазылған. Егер кімде-кім одан қайыр көрсе, Аллаға шүкір айтсын. Егер кімде-кім өзінің амалдар Кітабынан зұлымдық көрсе Бізді емес, өзін жазғырсын». Осыдан кейін  Алла Тағала Тозақтан сөйлейтін қара мойынның шығуын бұйырады. Алла айтады: «Әй адам баласы! Сендерге: “Шайтанға табынбаңдар. Әрине ол, өздеріңе ашық дұшпан” деп, серт бермедім бе? “Маған құлшылық қылыңдар. Тура жол осы!” Расында ол, сендерден көптеген топты адастырды. Сонда да түсінбейсіңдер ме?»

Оларға былай айтылады: «Сендерге уәде етілген тозақ осы. Қарсы келулерің себепті бүгін оған кіріңдер» (36:60-64).

Сондай-ақ, Алла:«(Мұхаммед Ғ.С.) барлық үмметті жүгінген түрде көресің. Әр үммет амал дәптеріне шақырылады да: “Бүгін қылмыстарыңның бодауы беріледі» (45:28).

"Танбихул гафилин" кітабынан

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: