Бірде зейнеткерлікке шыққан қариялар демалып, шетелді аралап қайтқылары келеді. Қартайған шағымызда ел аралап, жер көріп Европа, Америка секілді елдерді аралап қайтайық деседі. Содан барлығы жолға дайындалып, шетелге сапар шегеді. Европаға келісімен, қаладағы жетпіс бес қабатты қонақ үйге келіп, ең үстіңгі жағынан бөлме алады. Ең биік ғимараттан қаланың үстінен қарап отырайық дейді. Бірақ бұл қонақ үйдің басқаларға қарағанда мынадай айырмашылығы бар екен. Қонақ үйдің лифті түнгі сағат он екіде тоқтайды екен. Лифтёр он екіде жұмысын тоқтатып қайтады, сол үшін қонақ үйдегі қонақтар бөлмелеріне он екіге дейін қайтулары қажет екен.
Қариялар бұл шартқа келіседі. Содан қарттар қаланы аралап жүріп бірінші күні он бір отызда, екінші күні он бір қырық бесте, үшінші күні тура он екіде келіп лифтке үлгереді. Бұдан кейінгі күні лифт естерінен шығып кешігіп келеді. Қонақ үйге келсе лифт істемейді. Лифтер кетіп қалыпты. Енді не істеу керек? Амал жоқ жоғарғы қабатқа жаяу, баспалдақ арқылы шығу керек. Қариялар өзара келісіп, жетпіс бес қабатты жиырма бес тен үшке бөледі. жиырма беске дейін күлкілі әңгіме айтайық, елуге дейен саясат, ал қалған жиырма бес қабатта қорқынышты әңгіме айтайық. Қорқып барып ұйықтап қаламыз деп келіседі.
Сонымен жиырма беске дейін, күліп, елуге дейін талас-тартыс, жетпіс беске дейін қорқынышты әңгімелер айтылады. Бір уақытта жетпіс бесінші қабатқа шығып болғанда араларынан бір қария: достар мына әңгімеденде қорқынышты әңгіме айтайын ба дейді. Барлығы айт, айт ол не әңгіме деседі. Сонда әлгі қария бөлменің кілті төмендегі тіркеу бөлімінде қалып кетіпті дейді. Осы кезде қариялардың түрлерінің бұзылғандығын көз алдыңызға елестетіп көріңіз....
Құрметті оқырман, біздің өміріміз осы жетпіс бес қабатты қонақ үй секілді екен. Жиырма беске дейін жастық шақты ойнап-күліп өткізеді екенбіз. Жиырма беске келіп үйленіп бала шағалы болып, елуге дейін бала-шағаны бағып қағып, қыз беріп, келін алады екенсіз. Ал елу мен жетпіс бестің арасы қартаятын уақыттың жақындағаны. Төріңізден көріңіз жақын уақыт келеді.
Қорқынышты өмір басталғандай, қашан өледі екенмін деп ойланып жүресіз. Осылай ойланып жүргеніңізде арғы дүниеге, Алланың алдына қайтатын уақытта келеді. Арғы дүниеге барғанда әрине жәннатқа кіргіңіз келеді ғой. Бірақ кірейін десеңіз есіктің кілті жоқ. Жәннаттың кілті мына жалған дүниеде қалып кеткен екен.
Жәннаттың кілті ол намаз екен. Жәннатқа намазы бар адам, қалтасында қонақ үйдегі бөлменің кілті бар адам секілді кіре алады екен. Бірақ мына дүниеде жетпіс бесінші қабаттан төмен түсіп кілтті алып келуге болады. Ал арғы дүниеден бергі жаққа қайту мүмкін емес екен. Сол үшін құрметті мұсылман бауырлар, жәннатқа кіргіңіз келсе, мына дүниеде кілтіңізді қалдырып қоймаңыз!