Дұха қандай намаз?

Дұха қандай намаз?

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Күн бір немесе екі найза бойы көтерілгеннен бастап бесін намазына дейін оқылады. Найза бойы көзбен молжалдап алғанда үш метр шамасынша. Яғни, күн шыққаннан соң жарты сағаттан кейін оқуға болады. Бұл жөнінде, Зайд бин Арқам (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.) Құба тұрғындарына шыққан кезде олар дұха намазын оқып жатқан, сонда «Бұл тәубе етушілердің намазы, түйенің ботасына сәске ыстығы тиген кезде оқылатын[1]»,-деген.

Айша (р.а.) анамыз: «Пайғамбар (с.ғ.с.) дұха намазын төрт ракағат етіп оқушы еді, сосын қалағанша көбейтетін[2]»,-дейді. Үмму Һани (р.а.): «Пайғамбар (с.ғ.с.) дұха намазын сегіз ракағат етіп оқыды. Әр екі ракағат сайын сәлем беріп отырды[3]»,-деген хадистер негізінде дұха намазын 2 ракағаттан бастап 12 ракағатқа дейін оқуға болады.

Дұханың қасиеті жайлы Әбу Һурайра (р.а.): «Кімде-кім дұха намазының екі ракағатын үзбейтін болса, оның күнәлары кешіріледі. Тіпті, теңіз көбігіндей көп болса да[4]»,-деп айтқан.

Және Әбу Һурайра (р.а.) досым (Пайғамбар (с.ғ.с.) маған үш амалды өсиет етті, оны ешуақытта тәрк етпедім: «Үтір намазын оқымай жатпауды, дұха намазының екі ракағатын тастамауды, бұл тәубешілер намазы және әр айда үш күн ораза тұтуды[5]»,-деген.


[1] Ахмед, Муслим
[2] Ахмед, Муслим
[3] Әбу Дауд
[4] Ахмед, Тирмизи, Ибн Мажаһ
[5] Бұхари, Муслим

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (6)

Оқи отырыңыз: