Шариғат жолымен дұрыс тамақтану мен денсаулықты сақтау

Шариғат жолымен дұрыс тамақтану мен денсаулықты сақтау

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Халал да таза тамақтардың әралуандығы соншалықты ислам нұсқауларының көлемді бір бөлігі соған арналған. Пайғамбар және шииттік имамдардың тамақтану мен денсаулық жөнінде көптеген хадистері бар.

"Пайғамбардың шипагерлік кітабы", "Имам Садық шипагерлік кітабы", "Имам Реза шипагерлік кітабы" – осы адамдардың медицина, тамақтану және денсаулық сақтау жөніндегі насихаттарына толы кітаптар болып табылады. Бұл кітаптар тек қана өз заманында емес, тіпті бүгінде көптеген мұсылман  және мұсылман емес дәрігерлер мен зерттеушілер тарапынан талқыланып келеді.

Ислам барлығын қамтитын дін ретінде өмірдің бірде-бір саласын назардан тыс қалдырмаған. Бұл дін әр түрлі жолдар ұсына отырып,  өзінің ұстанушыларына дұрыс та шаттыққа толы өмір жолын  суреттеп берді.

Құран мен рауаяттарда алма мен анар жәннат (жұмақ) жемістері ретінде аталып өтілген. Бұл екі жеміс ерекше тағамдық құндылыққа ие және бұрыннан  адамның айрықша назарында болған.

Алма денсаулық сыйлайтын жемістердің бірі болып табылады. Ежелден-ақ әлемнің халықтары оған өте үлкен қызығушылықпен қараған. Бүгінде алма әлемнің көптеген бөліктерінде өсіріледі. Шамамен әлемнің барлық адамдары  бұл пайдалы жемісті біледі.

Түсі әр түрлі алма дәрумендер мен нәрлілікке толы заттарға ие. Бұл құнды жемістің құрамында калий, магний, цинк, темір мен фосфор бар. Калий алма құрамында кездесетін  ең көп минералды зат. Калий мен натрий элементтері денедегі судың мөлшерін реттеп отырады және денедегі жүйке талшықтарынан  тартылатын мәліметтерді  бағыттап отырады.

Исламдық медицина мен жаңа заман  медицинасында алманың таңғажайып  ерекшеліктері аталып өтілген. Имам Садық (ғ.) алманы адам денесінің қызуын басу үшін пайдалы деп санаған. Имам Әли (ғ.) алманы асқазанды тазарту үшін пайдалы деп таныстырған.  Дәрігерлер де алма асқазанды залалсыздандырады, ал алманың шырыны дене қызуын басуға көмектеседі деп есептейді.  Доктор Бернард Джонсон "Жеміс-жидектер мен көкөністердің шипагерлік қасиеттері" атты кітабында: "Дене қызуы бар немесе суық тигізіп алған адамдар 2-3 күн бойы алма немесе алма шырынын пайдалануы керек."-деп нұсқау береді.

Қытай медицинасы алма дене температурасын төмендетеді деп санайды. Осы көзқарас бойынша, алма өкпені салқындатады.

Алманың нәрлілігі жоғары. Сондықтанда ой ісімен айналысатын адамдарға өте пайдалы. А, В, С дәрумендері алманың құрамында өте көп кездеседі.  Бір ағылшын мақалы былай дейді:"Eat an apple a day, keep the doctor away", яғни «күніне бір алма жеңіз де, өзіңізді дәрігерден аулақ ұстаңыз».

АҚШ-тың MIT университетінің зерттеушілерінің айтуы бойынша, алманың таза шырынын пайдалану ұмытшақтық ауруына шалдыққан адамдардың жағдайының жақсаруына себеп бола алады. Алманың таза шырынын ішу  орта жастағыларда пайда болатын ұмытшақтық ауруының алдын алады. Францияның "Alzheimer"s Disease & other Dementias" атты ғылыми журналында басылып шыққан бір мақала бойынша, зерттеушілер ұмытшақтық ауруына шалдыққан 21 адамды тексере келе, күніне екі стакан немесе 120 мл  таза алма шырынын ішу ұмытшақтықты 27 пайызға төмендете алатынын анықтады. Алманың ерекше қасиеттері  жайлы көптеген зерттеулер жазылған. Леонс Карлие (Lyvns Karlyh) "Шипалық күші бар жемістер мен көкөністер"атты кітапта былай деп жазады: "Алма ауызда дезинфекция жасайды. Несеп қышқылы мен басқа да зәрлі заттарды қортып, ауыздағы сілекей бездері мен асқазанның қышқылдық бөлінулерін арттырады."

Тамақтану саласының мамандары буын аурулары, созылмалы ревматизм, подагра, семіздік, өкпе және бауыр ауруларына шалдыққан адамдарға алма жеу өте пайдалы деп есептейді. Алма өт жолдары мен бауырда жиналған тастарды ыдыратады. Егер жатар алдында алманы қабығымен жесе (тек дұрыстап шайнаған жағдайда), созылмалы іш қатудан арылуға өте жақсы әсер етеді.» Жатар алдында алма жеу ұйқысыздық немесе нашар ұйқыдан арылуға жақсы әсер етеді. Алманың құрамында В дәрумендер тобы, магний және басқа да көптеген элементтер болғандықтан, ол жүйке жүйесіне тыныштық сыйлап, адамның алаңсыз ұйықтауына көмектеседі.

Пайғамбардың жұбайы Айшадан мынадай әңгіме  қалыпты: Бір күні Мұхаммад пайғамбарға былай дедім: «Ей, Алланың елшісі! Сіз неге қызыңыз Фатима келгенде оның бетінен сүйіп, иіскейсіз?» Пайғамбар сонда: «Жай! Мен миғражға барған кезімде, Жебрейіл мені жұмаққа апарды. Онда маған жұмақтың алмасын жегізді. Сол алма менің арқама ұрық салды. Аспаннан қайтқаннан кейін Фатима әлгі ұрықтан дүниеге келді. Ол адам кейпіндегі хор қызы. Сондықтан жұмақты аңсап кеткен кезімде, оның бетінен сүйемін»,‑депті.

Исламдық және діни кітаптарда тамақтардың көптеген табиғи шипагерлік қасиеттері баяндалған.

Имам Мұхаммад Бақер(ғ.) алманы жеудің тәртібі туралы былай дейді: «Егер алма жегің келсе, алдымен оны иіске, содан соң же.» Ол бұлай ету адам денесінен аурудың шығып кетуіне себеп болады деп есептеген. Сондай‑ақ ИИЛ Университетінің ұстазы доктор Грей Шварц алманың әр түрлі иісі қан қысымының төмен түсуіне жақсы әсер етеді және тыныштық сыйлайды деп есептейді.

Алманың ең пайдалы элементтері оның қай бөлігінде орналасатынын білесіз бе? Ғылыми зерттеулер бойынша, алманың пайдалы элементтері мен дәрумендері оның қабығы және қабыққа жақын ішкі бөліктерінде орналасқан.  Сондықтан дәрігерлер алманы қабығымен жеуді насихат етеді. АҚШ және Франция зерттеушілерінің зерттеулері бойынша, алманы қабығымен жеу тоқ ішек, өкпе және бауыр обырының пайда болуының алдын алуға көмектеседі. Алманың бұл қасиеті оның құрамында полифенолдың (polyphenol) болуына байланысты. Полифенол антиаксидантты зат болып табылады, сондықтан ол адам денесіндегі талшықтардың ыдырауына жол бермейді. Аталған зерттеушілер тобының басшысы доктор Франсис Рауль: «Полифенол адам тканьдерін ыдыраудан сақтайтын болғандықтан, обыр ауруының алдын алуға және емдеуге көмектеді»,‑дейді.

Алмадан алынатын тағам түрлері мынадай: алма қайнатпасы, алма шырыны, алмадан жасалатын компот, алма пирогы, алма маринады және алмадан жасалатын сірке суы.

Алмадан жасалатын сірке суы құрма мен жүзім сіркелері сияқты бірегей қасиеттерге ие. Ежелден адамдардың сенімі бойынша, алма сірке суы ыдырауға қарсы, тіпті сүйектің жұқаруына қарсы және ас қортудың жақсаруына күшті әсер етеді. Бүгінде жаңа ғылыми зерттеулер жасалып жатқан кезде алмадан жасалған сірке суының пайдасы мен қасиеттері айқындала түсуде. Зерттеушілердің айтуы бойынша, алма сірке суында антибиотикалық, залалсыздандыратын, антибактериалдық және саңырауқұлақтың пайда болуына қарсы қасиеттер бар. Және ол обыр ауруының пайда болуына қарсы адам денесінің иммундық жүйесін күшейтеді.

Алма сірке суында минералдық заттар көп. Ол қанды тазартып қана қоймай, таза азот қышқылы ретінде бауыр мен өт жолының қызметін жақсартады. Алма сірке суында айтарлықтай мөлшерде калий, фосфор, магний, натрий, күкірт, В тобы мен D тобы дәрумендері бар. Алма сіркесі тері сұлулығында да айтарлықтай рөл атқарады. Алма сіркесінің құрамындағы заттар дене жасушаларын жаңа қалпында сақтап, ас қорыту жүйесінің белсенділігін арттыра алады. Сондай‑ақ, ол майлар мен протеиндердің қорытылуына күшті әсер етеді. Алма сіркесінің қышқылы денедегі зат алмасу процесінің артып, тағамдағы улы заттардан сақтауға себеп болады. Тамақтану саласы мамандарының пікірінше, күн сайын тамақпен бірге кішкене мөлшерде алмадан жасалған сірке суы пайдаланылуы керек. Өйткені ол асқазан, бауыр және асқазан асты бездерінің бөлінісі артып, қандағы улы заттардың жойылуына көмектеседі. Тамақтану саласының мамандары: «Кандай сірке түрі болмасын, оның жалғыз өзін пайдаланудан бас тартыңыз. Бірақ салатқа қосып жеңіз немесе сумен араластырып ішіңіз»‑деп кеңес береді.

 

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (1)

Оқи отырыңыз: