Микаил періште

Микаил періште

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Бұл періштенің аты Құранда бір аятта ғана айтылған: «Кім Аллаға, періштелеріне, елшілеріне сондай-ақ Жәбірейіл, Микаилға, дұшпан болса, әлбетте Алла кәпірлерге дұшпан».

Бұл періштеге Әһли кітап иелерінің де сенгендігін көруге болады. Бірде пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) Мәдина қаласына көшкен кезде Фәдак яһудилерінен Абдуллаһ ибн Сурия қасына бірнеше кісі ертіп келіп пайғамбарымыздан «Саған қай періште келеді?» деп сұрайды. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «Жәбірейіл» дегенде, «Егер де уаһиды Микаил періште әкелгенде біз иман етер едік» деген күйі бұрылып кете барған. Олар Жәбірейілді, тек жамандық пен шайқас алып келуші деп, ал Микаилды молшылық пен берекет алып келуші періште деп сенетін еді.

Алайда, Жәбірейіл де, Микаил де – Алла елшілері. Бұл періштелердің қай-қайсысы да Алла әмірін мүлтіксіз орындайды. Алла тағала Микаил періштеге жаратылыстағы оқиғалардың, жер бетіндегі тіршілік иелерінің рызықтарын қадағалу міндетін жүктеген. Микаил періштенің көмекшілері де жоқ емес. Олар да Алланың әмірін орындайды. Микаил періште жел мен бұлттарды да қадағалап, оларды қажетті жақтарға бағыттайды. Тіпті әрбір жаңбырдың тамшысы періштелердің қадағалауымен жауады. Бұлардың барлығы Микаил періштенің қарамағындағы періштелер.

Микаил – Құранда аты аталған Алла тағала мен хазірет Мұхаммедке (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ең жақын төрт періштенің бірі. Тирмизидің риуаяты бойынша пайғамбарымыз: «Менің жер бетінде екі, көк жүзінде екі уәзірім бар. Жерде хазірет Әбу Бәкір мен хазірет Омар, ал көкте Жәбірейіл мен Микаил періштелер», – деген.

Табараниде бұл хадис: «Алла мені төрт уәзірмен демеді. Бұлардың екеуі жерде, екеуі көкте», – деп өтеді.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: