Мүбәрак түндер

Мүбәрак түндер

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

1. Рәжап айының алғашқы жұма түні «Рағайып түні» деп аталады. Бұл түні Алла Елшісінің кейбір берекетке ие болып, шүкір қылып, он екі рәкат намаз оқығаны туралы хабарлар бар.

2. Рәжаптың 27-ші түні. Бұл – Миғраж түні. Бұл түні де он екі рәкат намаз оқу – Ислам ғұламалары тарапынан жақсы деп бағаланған. Осы түні Пайғамбарымыз (с.а.у.) көкке көтерілген.

3. Шағбан айының он бесінші түні. Бұл – «Бәраат түні». Бұл түні адамның бір жылдағы ризық, бай немесе кедей, жоғары немесе төмен болатынынан, ғұмырларының ұзаруы немесе ажалының келуі жайлы хабарларды Алланың әмірімен періштелердің дайындайтындығы білдірілген.

Бұл түн – кешірім түні деп те аталады. Өйткені, осы түнде Алла көп адамның күнәсін кешірмек. Пайғамбарымыз (с.а.у.) Бәраат түнін ғибадат етіп өткізген. Хазіреті Айша былай дейді: «Пайғамбарымыз (с.а.у.) бір түні орнынан тұрып намаз оқыды. Сәждеде көп тұрғаны сонша мен оның демі үзіліп кетпеді ме деп ойладым. Орнымнан тұрып, қолымды аяғына тигізіп едім, қимылдады. Мен қайта орныма бардым. Сәждеде былайша жалбарынғанын естідім: «Аллам, азабыңнан кешіріміңе, ашуыңнан ризалығыңа сиынып, Өзіңнен өзіңді қорған етемін. Сен ұлысың. Саған арнаған мадағымды, Сенің өзіңе жасаған мадағыңмен тең тұта алмаймын. Саған лайық мадақтауға күшім жетпейді». Намазды бітіргенде:

– Айша, Алла Тағаланың Елшісі саған әділетсіздік
жасайды деп ойладың ба? – деді. Мен:

– Жоқ, уаллаһи, Пайғамбарым. Ондай ойым жоқ. Бірақ сәждеде ұзақ уақыт тұрып қалғаныңды байқап, өлді ме деп ойладым.
– Бүгін қандай түн екенін білесің бе?

– Алла және оның Елшісі жақсы біледі. Сонда ол:

– Бұл түн – шағбанның он бесінші түні. Алла Тағала шағбанның он бесінші түні құлдарына рақымын төгіп, кешірім тілегендерді кешіріп, «рақым ет!» деп жалбарынғандарға рақым етеді. Тұла бойы қастыққа тұнғандарды өз еркіне қалдырады», – деді». Бәраат түнінің ерекшелігінің бірі – сол күні құбыланың Қудус мешітінен, Қағбаға қарай өзгеруі. Бұл
түні «жақсылық намазы» оқылады.

4. Рамазан айының 27-сі. Бұл – басым көзқарас бойынша Қадір түні. Құран осы түні Пайғамбарымызға (с.а.у.) түсе бастаған. Аятта: «Негізінде Құранды Қадір түнінде түсірдік» – делінген. Бұл мүбәрак түндері Құран оқылады. Аллаһқа «тәсбих», Пайғамбарға «салауат» айтылады. Нәпіл намаз, қаза намаздар оқылып, Аллаһқа көп дұға жасалады. Осы түннің күндізінде алыс-жақынға барып, хал-жағдай сұрап, жоқ-жітіктерге ерекше көңіл бөлу – адам баласының ең ғажайып есте қаларлық күндері.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: