Қабір азабынан Аллаға жалбарыныңдар!

Қабір азабынан Аллаға жалбарыныңдар!

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active
 

Умму Мубашшардан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.): «Қабір азабынан сақта деп Аллаға жалбарыныңдар», – деген.

Сол сияқты Бара ибн Азибтен (Алла оған разы болсын) де осы мағынадағы хадис жеткен.
Әбу Һурайрадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Алланың елшісі (с.а.с.): «Әр мұсылман соңғы тәшәһһудті аяқтағаннан кейін Аллаға төрт нәрседен сақтауды сұрап жалбарынсын: жаһаннам мен қабір азабынан, тіршілік пен өлімнің бүлігінен және мәсих дәжжалдың жамандықтарынан», – деген.

Мүміндердің анасы Айшадан (Алла оған разы болсын) жеткен хадисте Пайғамбар (с.а.с.) намазда тұрып: «Уа, Алла! Мен Өзіңе қабір азабынан, мәсих дәжжалдың бүлігінен, өмір мен өлім сынағынан және жаһаннам азабынан сақтауыңды сұрап жалбарынамын», – деп дұға қылатын.

Әнәстан (Алла оған разы болсын) риуаят етілген хадисте Пайғамбар (с.а.с.) дұға қылып: «Аллам! Расында, мен Өзіңнен дәрменсіздік пен жалқаулықтан, қорқақтық пен сараңдықтан және қарттықтан пана сұраймын. Және Өзіңнен қабір азабынан пана сұраймын, сондай-ақ, Өзіңнен тіршілік пен өлімнің бүлігінен пана сұраймын», – деген.

Абдуллаһ ибн Аббастан (Алла әкесі екеуіне разы болсын) риуаят етілген хадисте Пайғамбар (с.а.с.) оларға (сахабаларға) осы дұғаны Құраннан бір сүрені үйретіп жатқандай үйрететін. Және өзі де (с.а.с.) әрбір намазында ташаһһудтан кейін: «Аллам! Біз Өзіңнен жаһаннамның азабынан, Өзіңнен қабір азабынан және Өзіңнен мәсих дәжжалдың бүлігінен пана сұраймын және Өзіңнен тіршілік пен өлімнің бүлігінен пана сұраймыз!» – деп дұға қылатын.

Осы сияқты Пайғамбардың (с.а.с.) қабір азабынан сақтауды сұрап Аллаға жалбарынғаны туралы көптеген хадистер бар.

ҚҰРМЕТТІ ОҚЫРМАН! ОСЫ ТАҚЫРЫПҚА БАЙЛАНЫСТЫ ПІКІРІҢІЗДІ БӨЛІСЕ ОТЫРЫҢЫЗ.
Жаңалықтардың астында қалдырылған комментарийлер мазмұны asyldin.kz рухани ағарту порталында редакцияланбайды. Сайт комментарийлердің пішіні мен мазмұнына жауап бермейді. Пікір білдірерде тәртіп сақтауды сұраймыз!
пікірлер (0)

Оқи отырыңыз: