Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлының арнайы шақыртуымен аудандық Мәдениет үйінде «Мейірімділік елшісі Мұхаммед ﷺ» атты рухани мәуліт кеші өтті.
Меркі ауданының бас имамы Азамат Берікұлының арнайы шақыртуымен аудандық Мәдениет үйінде «Мейірімділік елшісі Мұхаммед ﷺ» атты рухани мәуліт кеші өтті.
Меркі ауданының әйел-қыздар секторына жауапты ұстаздар ауданға қарасты әйел-қыздар жамағатының басын қосып «Екі дүние сәруәрі» атты мәуліт кешін өткізді.
Меркі аудандық «Меркі ата» мешітінің бас имамы Азамат Берікұлы мен Меркі ауданы, Жамбыл ауылы әкімі Байболсынов Ербол ауылға қарасты апаларымызды арнайы барып құттықтап қайтты.
1-ші қазан Халықаралық Қарттар күні! Қазақ – қашанда үлкенді құрметтеп, «Қарты бар ел – қазыналы ел» деп қариясын қадірлеген халық. Қазақстанның өсіп-өркендеуіне, еліміздің бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяулы қарттарымыздың арқасы деп білеміз.
Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы «Әл-Кәрим» мешітінде Мәуліт күніне орай ақ дастархан жайылды. Аудан имамы Азамат Берікұлы жиынды Алла Тағалаға мадақ, пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айтумен бастады. Артынша Мәуліт жыры оқылып, дұға жасалды.
Өткен жиында Меркі ауданына қарасты мешіттер 4 топқа бөлінген болатын. Меркі ауданы, Қызылқыстақ ауылы «Әл-Кәрим» мешітінде 6 мешіт қызметкерлері, яғни 1-ші топ имам-молдалары бас қосқан жиын өтті.