Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы «Бетқайнар» мешітінің молдасы Нурлан Нурмаханович мектеп және колледж шәкірттерімен кездесу жүргізді. Бұл кездесудің мақсаты «Жасөспірімдердің өзіне – өзі қол жмсаудың алдын алу шаралары» болатын.
Қордай ауданы, Бетқайнар ауылы «Бетқайнар» мешітінің молдасы Нурлан Нурмаханович мектеп және колледж шәкірттерімен кездесу жүргізді. Бұл кездесудің мақсаты «Жасөспірімдердің өзіне – өзі қол жмсаудың алдын алу шаралары» болатын.
Тұрар Рысқұлов ауданы Абай ауылы «Қалқабай ата» мешітінің имамы Таукеев Талғат ауылдық кітапханада діндегі «Жиһад» ұғымын түсіндірді. Кездесуге кітапхана қызметшілері мен мектеп оқушылары қатысып, жиһад ұғымының мән-мағынасын дұрыс түсінді.
Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы «Қайырымды адам – Қуатты қоғам» тақырыбы аясында кәсіпкерлерге арналған кездесу өткізді. Кездесуге аудандық ақсақалдар алқасының мүшесі Қожайхан ата және полиция бөлімінің қызметкері де қатысты.
Тұрар Рысқұлов аудандық «Сұлтан» мешітінің бас имамы Джадраев Сұлтаншәріп қажы «Зират пен зиярат» құжатын насихаттады. Кездесуге ауданға жақын 7 мешіттің имам-молдалары қатысты. Кездесуде құжатқа сәйкес мұсылман зиратының қағидалары мен талаптары баяндалды.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылында орналасқан №8 облыстық мамандандырылған спорт мектебінде ауыл имамдары стол теннис ойнады.
Жамбыл облысы Байзақ ауданы Сарыкемер ауылы №8 облыстық мамандандырылған спорт мектебінің ашық алаңшасында Байзақ ауданы бас имамы Қанат Әділханұлы бастаған ауыл имамдарымен бірге Байзақ ауданы ұйымдастыратын «Ұлы дала имамдары» атты облыстық ашық турнирге дайындық жасалды.