МЕШІТ АҚПАРАТ

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тараз қаласы, Кеңесхан қажы мешітінің ұстазы Зейнеп Үсенованың ұйымдастыруымен әйел жамағаты мен мешіт шәкірттері арасында Мәуліт кеші аталып өтті. Кеш барысында 250.000 салауат айтылып, Құран хатым жасалып, ақ жаулықты әжелер батасын берді.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тараз қаласының бас имамы Аманбаев Ержан “Әзрет Әли” мешітін зерделеп, онда бірқатар маңызды мәселелерді тексерді. Мешіттегі бақылау камераларының дұрыс жұмыс істеуін, діни кітаптардың мазмұны мен дұрыстығын, мешіт пен дәретхананың тазалығын, сондай-ақ қысқы мезгілге арналған қазандықтардың жұмыс істеп, жылу жүйесінің қосылғанын бақылап шықты.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тараз қаласының бас имамы Аманбаев Ержан мешіт ауласында орналасқан діни заттар сататын дүкенді зерделеп, ҚМДБ рұқсат еткен кітаптарды саралады. Имам дүкеннің ассортиментімен танысып, діни әдебиеттің сапасы мен мазмұнына назар аударды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Тараз қаласының бас имамы Аманбаев Ержан қала имамдарына “Ізгі қоғам жастары” атты семинар өткізді. Семинар барысында жастардың рухани, мәдени және әлеуметтік дамуындағы діннің рөлі, сондай-ақ жастарды ізгілікке тәрбиелеу мәселелері талқыланды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл облысы, уақып қорының өкілі Есет Тұрдыбайұлы қала имамдарына "Уақып сарқылмас қазына” атты семинар өткізді. Семинар барысында уақыптың маңызы, оның қоғамдағы рөлі және рухани тұрғыдан дамытуға ықпалы туралы кеңінен талқыланды.

User Rating: 5 / 5

Star ActiveStar ActiveStar ActiveStar ActiveStar Active

Жамбыл аудандық «Бәйдібек» мешітінде жұма намазында РАНТ мүшесі Қанат Жұмағұл келген жамағатқа «Нығметке шүкір ету – имандылық белгісі» тақырыбында уағыз айтып, Алла тағаланың бергеніне шүкір ету мұсылманның міндеті екендігін атап, Алла құранда: «Шүкір етсеңдер арттыра беремін» - деп арттыра берілетін нығмет пен сауаптар беру арқылы разы болатындығын атап өтті.